ДИКТОР: Ертең еліміздің бірнеше қаласында тірек-қимыл аппараты және көру органдары зақымданған спортшылар арасында спорт түрлерінен VII Спартакиада басталады. Маусымның 29-на дейін жалғасатын сайысқа 2 мыңға жуық пара спортшы қатыспақ.

РКС: Аталған спартакиада 4 жылда бір рет өтеді. Ауқымды дода еліміздің 5 өңірінде – Астана, Тараз, Көкшетау, Өскемен қалаларында және Алматы облысында ұйымдастырылады. Таразда жарысқа қатысушылар голбол, пара жүзу мен пара пауэрлифтинг бойынша бақ сынамақ.

СНХ: ГҮЛФИЯ ШӘКІРОВА, СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ: Бүгін Тараз қаласында өтетін спартакиадаға дайындық жүріп жатыр. Бұл жетінші спартакиада. Біз жеңіске жеткіміз келеді. Ұйымдастырушыларға, жаттықтырушыларымыз Джанна Николаевна, Анна Владимировнаға бізге үміт артып отыр. Алғысымыз шексіз. Үміттерін ақтауға тырысамыз. Күніне 2 мезгіл жаттығып жатырмыз.

РКС: Спартакиада мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында бұқаралық және кәсіби спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық құрамаларға спортшыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылуда.

СНХ: ДЖАННА ЗАЙЦЕВА, ПАРА ЖҮЗУДЕН ОБЛЫС ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Пара жүзуден жарыс Тараз қаласында өтеді. Оған Ақмола облысының намысын қолдан бермейтін 15 спортшыны апаруды жоспарлап отырмыз. Олар облысымыздың абыройын лайықты қорғап, Қазақстанның жүлдегерлер қатарына енеді деп сенеміз. Олар күніне 6 сағаттан жаттығып жатыр.

РКС: Айта кету керек, спартакиаданың ашылу салтанаты ертең Астана қаласында «Жекпе-жек» сарайында өтеді. Ал республикалық доданың жабылу рәсімі маусымның 29-да Өскеменде ұйымдастырылмақ.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.