ДИКТОР: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Көкшетаудағы №11 мектеп-гимназиясындағы әскери сыныптардың салтанатты сап түзеуі өтті. Саптық дайындық оқушыларды әскери тәртіпке тәрбиелейді, олардың бойындағы патриоттық сезімін оятып, оқушыларды ширақтыққа баулиды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Флагшток алаңында ұйымдастырылған сап түзеуге бесінші және тоғызыншы сыныптардың оқушылары қатысты. Мұндай жиын жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадамның бірі. Салтанатты шара Мемлекеттік әнұранмен басталды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: БОТАГӨЗ ҚҰСАҚАЕВА, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Менің ойымша әрбір Қазақстанда тұрып жатқан азамат, оқушыларымыз осы мемлекеттік рәміздерді құрметтеу керек. Осы шараның мақсаты біздің оқушыларымызға Елтаңба, Туымыз, Әнұранымызға деген құрметтерін арттыру болатын.
РКС: Шара барысында оқушылар патриоттық музыкалар орындап, аспаптарда өнер көрсетті. Әскери дайындық негізінде құрылған бұл сыныптарда болашақ офицерлер тәрбиеленуде. Олар бүгінгі сап түзуде өздерінің әскери тәртіпке дайындығын паш етті.
СНХ: ӘЛІБЕК ОСПАН, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Әскери спорттық және әскери медициналық сынып оқушылары мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Әрбір Қазақстан азаматы осы рәміздерді құрметтеу және сақтау керек. Ол өйткені әр азаматтың борышы болып табылады.
РКС: Әскери сыныптар мемлекеттік рәміздердің келер ұрпақтың болашаққа деген сенімін білдіретін маңызды нышан, ал оны құрметтеу - әр азаматтың парызы екенін ұғындырды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ