ДИКТОР: 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында қысқы Олимпиада ойындары өтті. Ел намысын қорғауға жерлесіміз Владимир Смирнов қатысып, дүбірлі додада 50 шақырымдық бәсекеде бақ сынап, Олимпиада чемпионы атанды. Бұл әзірге қазақстандық спортшылардың Олимпиадада жеңіп алған жалғыз алтын медалі. Биыл даңқты спортшының бұл жетістігіне 30 жыл толып отыр. Осыған орай, Бурабай ауданында жерлесіміздің құрметіне шаңғы тебуден бұқаралық жарыс өтті. Спорттық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден астам жасөспірім қатысты.

ИНТЕРШУМ: шараның басталуынан үзінді

РКС: Жас шаңғышылар 2,5 шақырым қашықтықта бақ сынады. Жеңімпаз атанған өрендерді Владимир Смирнов жеке марапаттады.

ИНТЕРШУМ: спортшыларға медаль тағудан фрагмент

РКС: Шара барысында Владимир Смирновқа Президент Жарлығымен II дәрежелі "Достық" ордені табысталды. Сондай-ақ, өзі туып өскен Щучинск қаласында спорт кешен бой көтеруде.

ИНТЕРШУМ: орденнің табысталуынан фрагмент

СНХ: ВЛАДИМИР СМИРНОВ, ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ: Алда жоспар көп. Облыс басшысымен жан-жақты талқыладық. Аймақта әлем чемпионаты, әлем кубогына арналған бағдарламаларды дайындауымыз керек. Ол үшін Бурабай баурайындағы мүмкіндікті толықтай пайдалануымыз керек. Оған қажетті алғышарттың бәрі бар.

РКС: Өңірде спортпен шұғылданатын адамдар саны жыл сайын артып келеді. Аймақта қысқы спорт түрлері басымдылық беріліп отыр. Сондықтан, болашақта Ақмола облысы қысқы спорт ойындарының орталығына айналуы әбден мүмкін.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қысқы спорт түрлері басым келеді бұл елдімекенде. Сондықтан, осы спортты ары қарай дамытуға, болашақта тағы бір Смирнов шығып тағы да біздің көк туымызды халықаралық ареналарда желбіретсін деп ниетпен жасалып жатқан іс-шара. Шаңғы спортына үлкен бір серпін береді деп ойлаймыз. "Ауылға шаңғы" эстафетасын бүгін бастап челлендж ретінде Қостанай облысына тапсырып жатырмыз.

РКС: Жарысқа қатысқан жас спортшылар шаңғы спортының пайдасына ерекше тоқталып кетті.

БЛИЦ-ОПРОС:

 - Это большой плюс для здоровье. Это закаленность. Про это спорт можно много чего говорить.

- Өте жақсы деңгейде өткізіліп жатыр жарыс. Осындай салауатты өмір салты үшін барша жағдай жасалып жатыр. Осындай жарыстар көп бола берсін! Өте жақсы спорттық эмоциялар алып жатырмыз.

РКС: Жалпы соңғы жылдары аймақта спорт саласына ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 5 спорт кешені бой көтеріп, 70-ке жуық спорт алаңы толық жабдықталмақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ