ДИКТОР: Бүгін елімізде қос мереке. Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлері бір-бірін кәсіби мерекемен құттықтап, алғыстарын да жеткізіп жатты. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде салтанатты шара өтті. Құтқарушылар олармен бірлесіп жұмыс істейтін ұйымдарға Алғыс хат табыстап, азаматтық қорғаныс саласының ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

ИНТЕРШУМ: марапаттау рәсімі

СНХ: АСХАТ АҚЫЛЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Шараның мақсаты өскелең ұрпақ пен халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Апат болған жағдайда не істеу керектігін түсіндіру. Сондай-ақ, азаматтық қорғау органдарының ардагерлерін шақырдық. Бұл азаматтық қорғаныстың дамуына үлкен үлес қосқан адамдар. Оларға құрмет куөрсету мақсатында түрлі грамоталар мен алғыс хаттармен марапаттадық.

РКС: Алғыс хатқа ие болғандардың арасында облыстық жастар ресурстық орталығы фронт-кеңсесінің басшысы Дидар Хамзин де бар. «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі әрдайым құтқарушылармен бірге иық тіресе жұмыс істейді. Жоғалған адамды іздестіру, су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру шаралары жиі ұйымдастырылады.

СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл жерде ТЖД-мен бірге өрт сөндіру бөлімдерінің жұмысы өте үлкен. Себебі, олар өз кәсіби шеберліктерін таныта отырып, әрдайым бізге көмектеді, түрлі прафилактикалық шараларды ұйымдастырады. Бұның нітижесінде бізде көптеген волонтер, жас балалар өскенде де осы қарқында жүріп, өрт сөндіруші батыр болуды армандайды. Былтыр көптеген адам жоғалып, оның 1 мыңнан астамы табылған болатын. Осы жұмысты біз құтқарушылармен бірлесе атқардық. Олар бізге оқыту жұмыстарын жүргізді.

РКС: Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

ИНТЕРШУМ: концерт

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ