ДИКТОР: Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында министрліктің ағымдағы қызметі, туризм және спорт саласындағы реформалар мен алдағы жоспарлары туралы айтты. Өңірде емдеу, сауықтыру және экологиялық туризмді дамытуға көңіл бөлініп жатыр.
РКС: Былтыр 300 мыңнан астам ақмолалық спорт саласына зор үлес қосты. Оның 37 мыңнан астамы балалар мен жасөспірімдер. Өңірде 15-ке жуық спорт нысаны салынып жатыр. Олардың басым бөлігі жыл соңына дейін қолданысқа берілмек. Десе де, спорт кешендері бойынша тапшылық әлі де бар.
СНХ: ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ: Ақмола облысында 2 мыңнан астам спорт нысанның 867-сінде бар екені расталды. Яғни, көбі қоршаусыз футбол алаңдарының құжаттарын жібереді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша спорт нысандарының саны 39 мың, оның ішінде ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам. Ал, облыс бойынша 2630 спорт нысаны бар.
РКС: Аймақта 1-ші разрядты спортшылар, спорт шеберлігіне үміткерлер мен спорт шеберлері азайған. Ермек Маржықпаев облыстағы жауапты сала мамандарына бұл мәселені шешуді тапсырды. Құмар ойындарға тәуелділік мәселесі де сөз болды. Ойын бизнесі мен лотерея ұйымдастырушыларына мемлекеттік бақылау жалғасуда. Жалпы, 2021 жылмен салыстырғанда ойын бизнесі субъектілерінің саны екі есеге қысқарған.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: Соңғы 3 жылда осы бағытта әрекет ететін бизнес субъектілерінің саны 79-дан 35-ке дейін қысқарды, яғни 2 есеге жуық. Букмекерлік кеңселер саны азайып келеді. Өткен жылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгеніміздің арқасында 12 букмекерлік кеңсе лицензияларын тапсырды. Бүгін осы мәселеге қатысты түзетулер енгізіп, оны Парламент Мәжілісіне ұсындық. Ол жерде спорттық емес мекемелерде жарнамаға тыйым салу көзделген. Қазір қарасаңыз кез келген жерде ойынға еріксіз тартатын жарнама көбейіп кетті.
РКС: Кездесу барысында туризм саласына қатысты сауал қойылды. Кәсіпкерлер мен депутаттар туристерді тарту, жергілікті жоғары оқу орындарында туризм мамандығына гранттардың жетіспеушілігі, Зеренді курорттық аймағын дамыту, балалар туризмі, орталық форумының құрылысын қолдау бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын алға тартты. Есеп беруден кейін министр азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Ол жерде азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, айтылған мәселелер мен ұсыныстарды жазып алып, барлығына тиісті жауап берілетінін жеткізді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ