ДИКТОР: Қазақстан халқы биыл тоғызыншы жыл Алғыс айту күнін атап өтті. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мерекеде халқымыз бір-біріне алғыс айтып, ең асыл тілектерін арнайды. Алғыс айту - атамекенінен еріксіз қоныс аударылған түрлі этностардың құтты қоныс, қасиетті қазақ жері мен қазақ халқының қонақжайлылығына шынайы тағзымның белгісі іспетті. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясында Алғыс айту күніне орай салтанатты шара өтті. Жиын барысында бұл күннің ерекшелігі, қоғамдағы орны жайлы айтылып, алғыс айтуға лайық тұлғалардың ерен еңбектері аталып өтті. Бірнеше облыс тұрғыны арнайы марапатқа ие болды.
РКС: Салтанатты шара басталмас бұрын келушілер назарына тақырыпқа сай көрме ұсынылды. Сондай-ақ, көрермен назарына Қазакстан халқының татулығын, ауызбіршілігін суреттейтін бейнеролик көрсетілді. Жиналғандарды мерекемен құттықтаған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин өңірдің, жалпы еліміздің дамуына үлес қосып жүрген жерлестеріміздің еңбегі өлшеусіз екенін атап өтіп, оларға алғысын жеткізді. Біздің облыс жүрегі елім деп соғатын, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет саласында есімдері алтын әріппен жазылуы тиіс азаматтар мен азаматшаларға кенде емес.
СНХ: АЛМАС АЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Барлықтарыңызды облыс әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлының атынан осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Жер бетінде қанша халық болса, сонша алғыс айтатын күн мәңгілікке ұласады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде азаматтарымыз егемен еліміздің дамытуға, қастерлі қазақ жерінде бейбітшілік, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда деп атап өтті. Тәуелсіз жылдарында бірнеше этностардың басын біріктіріп, қонақжайлылық танытқан қазақ халқы қашан да достық пен татулықта үлгі бола білді.
РКС: Алғыс айту күніне орай бірнеше ақмолалыққа еліміздің дамуына үлес қосқаны, Қазақстан халқы арасындағы татулықты нығайтқаны үшін облыс әкімінің және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы орынбасарының алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар берілді. Марапатқа ие болғандардың бірі Андрей Штир. Зеренді ауданы, Күсеп ауылындағы «Дихан+» серіктестігінің механизаторы мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа біледі. Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындайды.
СНХ: АНДРЕЙ ШТИР, «ДИХАН+» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ МЕХАНИЗАТОРЫ: Осы күнге орай барша қазақстандықтарды, қазақ елін, баршаңызды осы күнмен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат, еібектеріңіз жемісті болып, отбастарыңыз аман болсын. Енді рұқсат болса, жоғары мінберден өз атымнан, өз жұртымның атынан менің ұлтым неміс қазақ еліне мың да бір рахметімді айтқым келеді.
РКС: Облыс әкімінің марапатына ие болғандардың арасында облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Айбол Қабдуалиев пен Илья Қабдуалиев бар. Әріптестер 10-қаңтарда боран кезінде Екатеринбург-Қарағанды тас жолында қар құрсауында қалған автобус жолаушыларын эвакуациялаған.
СНХ: АЙБОЛ ҚАБДУАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: Ішінде отырған жолаушыларға және кішкентай бала болды соларға көмек көрсеттік. Төтенше жағдай мамандарын шақыртып, бірлесіп жылы жерге апардық. Өзіміздің жұмысымыз ғой енді, соны істеп ақтап, бәрін тапрсырып, көлік құралын жылы жерге апарып, ерітіп бүкіл жерін, сосын олар жолға қайта шықты. Бірнші наурыз мерекесімен бәрін құттықтаймын. Денсаулық, ашық аспан, мол бақыт.
РКС: 1-наурыз – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, еліміздің дамуы жолында аянбай тер төгіп жүрген барлық қазақстандықтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні. Ақмолалықтар да бір біріне деген ыстық ықыластарын жеткізіп, ерекше жылулық сыйлады.
ИНТЕРШУМ: концерттен үзінді
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ