ДИКТОР: Жыл сайын 1 наурызда бүкіл әлемде Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. 1997 жылы Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының жарғысына қосылуы туралы» заң күшіне енді. Осылайша Қазақстан осы халықаралық ұйымның толыққанды мүшесі болды. Ұйымның негізгі қызметі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою саласындағы түрлі елдердің мемлекеттік органдарының күш-жігерін үйлестіруді қамтиды. Осы күнге орай Мәлік Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясында Ашық есік күні өтті. Шараға мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
РКС: Қазақстанның азаматтық қорғанысы азаматтық қорғау жүйесінің құрамдас бөлігі. Адам өмір қауіп-қатерге толы. Сол себепті кез келген азамат оған дайын болуы шарт. Ашық есік күніне келгендерге ең алдымен төтенше жағдай қызметінде қолданылатын арнайы құрылғылардың шағын көрмесі ұсынылды.
ИНТЕРШУМ: көрмеден үзінді
СНХ: ӘДІЛЕТ ҚҰТТЫБАЕВ, «АРНА» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Неше түрлі тактикалық дайындықтар, өздерінің машиналық ходтарын көрсетіп және ішкі аумағындағы барлық қаружарақтарын көрсетіп таныстыруда. Мен ЧС мамандығына оқыған соң, осы+скл+ мамандықта әрі қарай қызмет еткім келеді.
РКС: Мәлік Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясы елімізде өрт сөндірушілерді даярлайтын жалғыз оқу орны. Ол 1973 жылдан бері төтенше жағдай қызметінің мамандарын дайындап келеді. Бүгінде академияда 600-ге жуық курсант білім алып жатыр. Жас мамандар келген қонақтарға өрт сөндіретін арнайы техникалармен таныстырып, білек күшіне арналған жаттығуларды да көрсетті.
ИНТЕРШУМ: жаттығулардан үзінді
СНХ: ӘМІР АМАНГЕЛДИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ: Бұл мереке елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар алдын алу ісінде күш жігерін үйлестіруге, халықты және азаматтық қорғау қызметтерін ықтимал төтенше жағдайларға арналған халықаралық акция. Ағымдағы жылы бұл мереке азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық техналогиялар ұранымен өтуде.
РКС: Айта кетейік, курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Арнайы киім-кешекпен, тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік шәкіртақы тағайындалған. Академияны бітірген түлектердің білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі. Оқуды тәмамдаған соң лейтенант атағын да алып шығады. Жұмысқа орналасуда еш қиындық жоқ.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ