ДИКТОР: Алғыс айту күніне орай көкшетаулық полицейлер қан тапсырды. Осылайша, қалалық полиция басқармасының саптық бөлімшелері мен әкімшілік қызметкерлері бірнеше адамның өмірін сақтап алуға ықпал етті. Басты мақсаттары осындай маңызды бастамамен ауыр дертке шалдыққандарға, жас босанған аналар мен сәбилерге көмектесу.

РКС: Қан тапсырмас бұрын әр қызметкер қажетті құжаттарды толтырып, анализ тапсырды және дәрігердің тексеруінен өтті. Бұл донорлар үшін де, олардың қанын пайдаланатын науқастар үшін де маңызды үрдіс. Полицейлердің әрқайсы 400-450 миллилитр қан тапсырды. Олар жақын арада медицналық мекемелерге жөнелтіледі. Өз еркімен қан тапсырғандардың бірі облыстық полиция басқармасының бөлім бастығы Әскербек Мұқашев.

СНХ: ӘСКЕРБЕК МҰҚАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Полиция басқармасының қызметкерлері жиі келіп қан тапсыруды әдетке айналдырған. Бүгін де осы игі дәстүрге сай қан орталығына келдік. Бұл біз үшін өте маңызды қадам. Өйткені, біз ауыр халде жатқан әр қазақстандыққа, ақмолалыққа көмктескіміз келеді.

РКС: Облыстық қан орталығының директоры Ермек Мұхамедиев полицейлер бастамасының маңыздылығын атап өтті. «Департамент қызметкерлері бірнеше жылдан бері біздің тұрақты донорларымыз. Науқастарды аман алып қалуға айтарлықтай үлестерін қосып жүр»,-деген дәрігер өзінің және ұжымның атынан полицейлерге алғысын жеткізді.

СНХ: ЕРМЕК МҰХАМЕДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Алғыс айту күні сіздерге де ризашылығымызды білдіре отырып, мықты денсаулық, қиын қызметтеріңізде сәттілік тілейміз. Алдағы уақытта да донор болу сынды игі істерді насихаттаушылардың қатарынан болыңыздар. Донор сөзі латыншадан аударғанда беру деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, біз ақысыз қанын беріп, жағдайы қиын науқастарға көмектесетін қан тапсырушыларға шексіз ризамыз.

РКС: Бүгінгі таңда, облыс аумағында қан дайындап оны тарататын жалғыз мекеме – қан орталығы. Полицейлер болса, тағы бір мәрте бірнеше адамның өмірін аман алып қалуға септесіп, көптеген тұрғынға үміт отын сыйлады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ