ДИКТОР: Көкшетаудың қақ ортасындағы Жүнісов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Аталған аумақтағы көпқабатты үйлердің тұрғындары түрлі апаттың куәгерлеріне айналған. Тілшіміз Самал Ысқақова дәл осы бөлікте жол-көлік оқиғаларының неліктен жиі орын алатынын анықтап қайтты.

РКС: Жүнісов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысы жол-көлік оқиғасының келеңсіздігіне толы аумақ. Көлік жүргізушілері осылай деп дабыл қағуда. Жаяу жүргіншілер дәл осы қиылыста орын алатын жол-көлік оқиғалары үйреншікті құбылысқа айналғандай-дейді.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Объяснить вам правильно не смогу, но мне кажется, наверное неудобно машинам, может быть неправильно отметки поставили или что? Может что-то изменить надщо?

- Я думаю, что причина в том, что дорога сильно перегружена, возможно ее шире нужно сделать, возможно нужно еще какие-то конструкции, а так со стороны властей все вовремя чистится и делается, перегружена дорога.

- Большое движение, светофоры есть вроде бы. Я считаю, что большое движение.

РКС: Тәжірибелі жүргізушілер жол-көлік оқиғаларының осыншама көп болуына қарапайым ереженің сақталмауынан екенін айтады. Екіншіден, дәл осы бөліктегі жолда жүктеме көп.

СНХ: АРТУР УРБАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл жер қашан көрсең қарбалас болып жатады. Қайнаған тіршілік. Өйткені базар жақын, әрі мешіт бар. Әр жұма сайын көлік көп ағылады. Одан соң демалыс күндері бұл жермен жүру мүмкін емес. Кептеліс көп. Жол-көлік оқиғаларының 90 процентінде жүргізушілердің өзі кінәлі болады. Аңғалдық, ара қашықтықты сақтамайды. Жылдамдықты шамадан тыс асырады. Жол қозғалысының ережелері де сақталмайды. Жүргізушілер көп ретте жолақты көлікпен жауып тастап, автобустар мен басқаларына бөгет жасайды. Ең алдымен жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау қажет. Өзіңмен қатар өзгені де естен шығармаған жөн.

СНХ: АЛДИЯР АМАНДЫҚ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АВТОИНСПЕКТОРЫ: Жүнісов көшесі мен Назарбаев даңғылының бойына орнатылған жол белгілері мен барлық техникалық құрылғы жол қозғалысын реттеп отырады. Оның бәрі Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сай. Бұл бөлікте «Сергек» автоматтандырылған кешен де орнатылған. Ол барлық қозғалысты автоматты түрде тіркейді. Мұның бәрі ең алдымен дәл осы жерде жол-көлік оқиғаларын төмендетуге бағытталып отыр.

РКС: Тәртіп сақшылары аталған көшелердің қиылысында көлік қозғалысын реттеуге қатысты барлық шараны қолдануда. Заңсыздықтардың бәрі бейнебақылау арқылы көрінеді. Жол айырығында бұған дейін жол-көлік оқиғасының салдарынан алынып қалған қоршау да жақын арада қайтадан орнатылмақ.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ