ДИКТОР: Елімізде қазақстандық жастардың өз идеяларын жүзеге асыруы үшін 1 миллион теңге беріледі. Бұл бағдарлама уақытша жұмыссыз, оқу орындарында оқымайтын немесе кәсіптік дайындықтан өтіп жатқан жастарға арналған.

РКС: "Zhas project" байқауына қатысушылар әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар ала алады. Бұл мақсатқа барлығы 360 млн теңге бөлініп, оның 280 млн.теңгесі беріледі. Қалған сома түсіндіру жұмыстарына жұмсалады. Ақмола облысына 14 млн.теңге бөлініп отыр.

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Биылғы жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен "Жасыл ел" штабы «Zhas project» жобасын ұтып алды. Осы жоба шеңдерінде 28 шағын грант Павлодар және Ақмола облыстарына бөлінді. Әр облысқа 14 гранттан.

РКС: Байқау 25 наурызда басталады, өтініштер 24 сәуірге дейін қабылданады. Ал нәтижесі 15 мамырда белгілі болмақ.

ИНФОГРАФИКА: Қаржыландыруды алу үшін үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматы, жасы 18 бен 35 жас аралығында, өтініш берген кезде өңірде тұрақты немесе уақытша тіркеуде, уақытша жұмыссыз мәртебесі болуы шарт.

- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫ

- ЖАСЫ 18 БЕН 35 АРАЛЫҒЫ

- ТҰРАҚТЫ НЕМЕСЕ УАҚЫТША ТІРКЕУ

- УАҚЫТША ЖҰМЫССЫЗ МӘРТЕБЕСІ

РКС: Жобалар жергілікті жердің әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс. Барлық жоба 4 айдың ішінде жүзеге асырылуы керек.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ