ДИКТОР: «АМАНАТ» партиясының облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Басқосуда сөз алғандар сыбайлас жемқорлық схемалары мен тәуекелдеріне қатысты жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ жемқорлықпен күресу жолындағы жаңашылдықтармен және инновациялық тәсілдермен бөлісті.

РКС: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамы өкілдері жаңа жобаларын көрсетті. Нақтырақ айтсақ мұнда қағазсыз қызмет көрсету әдісіне кезең кезеңімен көшуге баса назар аударылуда. Бұл әрбір адамға қажетті қызметтерді үйден шықпай-ақ электронды форматта алуға мүмкіндік береді. Жиында халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің құзыреттілігі де сөз болды.

СНХ: МАҒЖАН ЕРЖАН, АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Халыққа қызмет көрсету орталықтарында еңбек ететін мамандар әмбебап болуы керек. Мен қазір халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, әр адамнан қандай мемлекеттік қызметтерді қабылдайтынын сұрап білемін. Өйткені орталық қызметкерлері қабылдау бөлімінде отырып, құжат тапсыруға ғана дағдыланған. Бұл алгоритм өткен аптада іске қосылды. 2 қызметкерді оқуға жібердік. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы бірнеше аптадан бері еңбек демалысында, бірақ оның орнына басқа адам тағайындалатын болады.

РКС: Жиын барысында халыққа онлайн қызмет көрсету орталығының жұмысы мен қызмет көрсету жылдамдығы да көрсетілді.

ИНТЕРШУМ

РКС: Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер де айтылды. «Азаматтарға арналған үкімет» жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы мәселелерді талқылады. Әсіресе мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы қосымша ақыға көрсетілетін заңсыз қызмет сөз болды.

СНХ: НҰРЖАН ҚАЙЫРЖАНОВ, АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлықпен күресте көптеген жұмыстар атқаруда. Өйткені, тізім бойынша мемлекеттік қызметтердің көпшілігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында орналасқан. Сондықтан, шын мәнінде тәуекелдер бар. Бірақ бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр, барлық қызметкерлер оқытылуда. Заңбұзушылыққа жол бермеу қажеттігі,жалпы жауапкершілік жайында әр қызметкерге айтылады.

РКС: Өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен қатар аудандарда атқарылып жатқан жұмыстар тілге тиек болды. Аршалы ауданы әкімінің орынбасары жиналғандар алдында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ