ДИКТОР: Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп ұстаздары қазақ тілін үйренуді қолға алған. Мұғалімдер мемлекеттік тілді меңгеру үшін аптасына 2 рет жиналады. Білім ошағы аралас мектеп, ал қазақ тілін үйрену уақыт талабы,- дейді ұстаздар.

РКС: Сәкен Сейфуллин мектебіндегі қазақ тілі курсы жаңа оқу жылынан бастау алған. Мұғалімдердің сұрауын білім ошағының басшылығы бірден қолдап, қазір қазақ тілі курсы аптасына екі рет тегін өтеді.

СНХ: ЕЛЕНА ЛИПОВАЯ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: Мен бастауыш сыныпқа сабақ беремін. Еңбек өтілім 24 жыл. Мектепте біздің сұрауымыз бойынша қазақ тілі курсы ашылды, біз оған қуана қатысып жүрміз. Білім ошағы аралас. Қазақша білуіміз керек және бұл уақыт талабы.

РКС: Қазақ тілі курсынан 30 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз Сара Ысқақова дәріс береді. Мұғалімдердің қызығушылығы басым, аз уақытта жақсы жетістіктерге жетеміз,- дейді ол.

СНХ: САРА ЫСҚАҚОВА, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: Осы мектепте орыс тілді мұғалімдерге қазақ тілінен сабақ беремін. Көптеген мұғалімдер жақсы жетістіктерге жетіп келеді. Кейбіреулері түсінеді, әлі де жұмыс жасайтын мұғалімдер бар. скл. Аптасына 2 рет жиналамыз сол мұғалімдермен. Көп мұғалімдер қазақ тілін білуге тырысып жатыр.

РКС: Сәкен Сейфуллин атындағы мектепте 315 оқушы, 40-қа жуық мұғалім еңбек етеді. Ұстаздар ұжымы ауызбіршілік, татулықтың арқасында әлі де талай білімді жасты оқытып, тәрбиелеу жолында адал еңбек ете береміз,-дейді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ