ДИКТОР: Қазақстан-аграрлы өлке. Еліміз бойынша өсірілетін астықтың үштен бірі Ақмола облысының үлесінде. Ауыл шаруашылығы дақылдарына басымдық беріліп, жыл озған сайын агротехникалық шаралар күшейтілуде. Степногорск қаласында пестицидтер мен агрохимия өнімдерін өндіретін «Астана-Нан Chemicals» зауыты жұмыс істеп тұр.

РКС: Зауыт 20 жылдан астам ауыл шаруашылығы саласындағы өсімдіктерді қорғауға арналған түрлі тыңайтқыштарды дайындайды. Зауытта арнайы сынақ зертханасы бар. Ол жерде өндірістегі химиялық қорғаныс және өсімдік құралдары бақыланады.

СНХ: НАТАЛЬЯ ХРАМОВА, СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Біз 5 бақылау кезеңінен тұратын дайын өнімді жасап шығарамыз. Алдымен шикізат сатып аламыз. Одан соң барып, оны өндіріске пайдаланбас бұрын сапа көрсеткішіне сәйкес келе ме, келмей ме, соны зерттейміз. Бәрін жан-жақты саралағаннан кейін ғана өндіріс қолдануға жіберіледі. Жұмыс барысында формуляциялық, физика-химиялық, хроматографиялық талдауларға бақылау жасалынады.

РКС: Зауыт жылына 50 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Дайын өнімдер арнайы жабдықталған қомаларда сақталады. Еліміздегі барлық егіс алқабының 25 проценттен астамы осы компанияның өнімімен өңделеді. Зауытта химиялық құралдардың сұйық түрін шығаратын және өнімді құятын 13 желі жұмыс істейді. Зауыттың 9 корпусы қайта жаңартылды.

СНХ: ТАЛҒАТ УӘЛИ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ: Қазақстандық өндірушілерді қолдау қажет деп есептейміз. Өйткені, барлық салық пен кірістер елде қалады. Қазір зауытта 182 адам еңбек етеді. Былтыр біз 3 жаңа желі сатып алдық. Бұл инвестициялық жоба. Глифосаттарды құюға арналған жаңа желі.

РКС: Зауыт әлемдік стандарттарға сай және экологиялық, өндірістік санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормасы мен талабы ескеріле отырып салынған. Былтыр серіктестік 41 миллиард теңгенің 7 мың тоннадан астам химиялық қоспа өндірген.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ