ДИКТОР: Жастар - ел болашағының стратегиялық ресурсы. Сондықтан, мемлекет тарапынан олардың қоғамдағы рөлін арттыруға ерекше назар аударылып отыр. Бүгінде өңірде жастардың үлесі 29 процент, яғни 225 мың адам. Аймақтағы жастарды қолдау, оларға кәсіби білім беру, жұмыспен қамту бағдарламаларына биыл 5 миллион теңге қаржы бөлінді.
РКС: Былтыр 12 мыңға жуық жас жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінді. Олардың 9 мыңнан астамы жұмыспен қамтылды. Жыл басынан бері «Жасыл ел» мен «Дипломмен-ауылға» жобалары арқылы бірқатар іс атқарылған. Одан бөлек, өңірде волонтерлік орталықтардың да саны көбейіп келеді.
СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі таңда облыста 89 волонтерлік ұйым тіркеліп отыр. Оның ішінде 3600-ден астам волонтер белсенді жұмыс жасайды. Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жобаны қолға алдық. Былтырғы жылы 5 бағытта 11 грант берілді. Яғни, 11 үміткерге бір-бір миллион теңгедей гранттар берілді. Биылғы жылы осы гранттарды жүзеге асыру жұмыстары ары қарай жалғасатын болады.
РКС: Биыл жаңа бизнес идеяларды іске асыру жобасы аясында 39 миллион теңге көлемінде 10 грант бөлінген. Сондай-ақ, Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясы өңірлік білім беру бағдарламасы аясында 200-ден астам студентке грант берілді.
СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Оқығаннан кейін тапшылық құрайтын мамандықтар бойынша біздің облысымызда жұмыс жасайтын болады. Оның көбіні медицинаға көңіл бөліп жатырмыз. Медицина бойынша 92 студент шәкірт ақы алып жатыр.
РКС: Биыл «JAS AQMOLA» облыстық жастар премиясына, «AQMOLA POWER» инновациялық жобалардың конкурсына және «Студенттік көктем» талантты жастар фестиваліне дайындық жүріп жатыр. Сондай-ақ, «Jas Camp Aqmola» жастарды оқыту лагері де ұйымдастырылады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ