ДИКТОР: Кәсіпкерлік – экономиканың негізгі тірегі. Осы тұжырымдаманың төңірегінде мемлекет басшысы нақты талаптар қойған. Негізгі идеясы - адал бизнесті пайдалы, әрі қауіпсіз ету. Осы ретте бүгін кәсіпкерлер палатасында ведомствоаралық кеңес өтті. «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық фильтр» жобасы талқыланып, өткен жылда атқарылған жұмыс қорытындыланды.

РКС: Былтыр мемлекет басшысы кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытында тиісті органдарға талаптар қойған. Оның аясында еліміздің барлық өңіріндегі палаталарда арнайы топтар құрылды. Ақмолалық кәсіпкерлер палатасы облыс прокуратурасына фронталдық кеңес қатысушысы ретінде кірген.

СНХ: РАСУЛ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Палатаға 400-ден астам арыз келіп түсті. Олар логистика, салық салу, мемлекеттік сатып алу және жер қатынастары саласына қатысты. Былтыр логистика және көлік саласында «Сайнс» жүйесінің дұрыс жұмыс істемеу анықталды. 200-ден астам отандық тасымалдаушыға «Қаза»тожолдан" олар тасымалдау параметрлерін бұзды және айыппұл төлеуі керек деген хабарлама келіп түскен. Көкшетау көлік прокуратурасы мен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жүйенің ақаулары бары анықталды. Нәтижесінде барлық әкімшілік айппұлдар күшін жойды.

РКС: Көкшетау көлік прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын, оның ішінде ішкі және сыртқы инвесторларды қорғауда айтарлықтай жұмыс атқарып келеді. Мәселен, өткен жылы 713 кәсіпкердің құқығы қорғалған. "Қазақстан теміржолы-жүк тасымалы" серіктестігінің тарапынан да кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған.

СНХ: АРДАҚ АЙДАРБЕКОВ, КӨКШЕТАУ КӨЛІК ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аталған ұйым тарапынан 130 кәсіпкерге қатысты жалпы сомасы 19 183 260 теңгеге станция жолдарындағы вагондардың тоқтап қалуын есептеудің артық сомасы негізсіз өндірілгені белгілі болды. Ұлттық тасымалдаушы ұйымына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Тағы айта кететін жайт, қазір "Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық фильтр" жобасы енгізілуде. Прокурорлық фильтр мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы бірқатар шараларды прокуратура органдарымен келісу міндетн білдіреді. Атап айтқанда, қызметті тоқтата тұру, рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту, мемлекеттік, оның ішінде бұрын инвестордың пайдасына шығарылған жергілікті атқарушы органның шешімінің күшін жою және тағы басқалары.

РКС: Бұдан бөлек, Президент тапсырмасына сәйкес уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға да нақты міндет қойылды. Орта және ірі кәсіпкерлік санатына жатқызылған инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын талап-арыздардың сотқа енгізілгені туралы прокурорды алдын ала хабардар ету қажет. Яғни, енді мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері инвесторлардың қызметін шектейтін немесе тыйым салатын кез келген шараларды алдымен прокуратурамен келісуі керек.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ