ДИКТОР: Қорғалжын ауданында бокстан облыстық ашық турнир өтті. Оған 2012-2016 жылы туған жасөспірімдер қатысты. Айта кетейік, оған Қорғалжын ауданының спортшыларынан бөлек, елордадан және көршілес Аршалы, Бұланды және Целиноград аудандарының өкілдері де келіп, бақтарын сынады. Облыстық ашық турнир Ауған соғысының ардагері Олег Рыбинды еске алу құрметіне орай ұйымдастырылды. Аудан әкімі Берік Жанбаев қатысушыларды турнирдің ашылуымен құттықтап, спортшыларға табыс тіледі. Сайысқа Қорғалжын, Аршалы, Бұланды және Целиноград аудандары мен Астана қаласынан 100-ге жуық боксшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте Қорғалжын ауданының командасы бірінші орынды иеленсе, астаналық спортшылар күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікті Аршалы ауданының құрама командасы түйіндеді. Айта кетейік, ашық турнир 2 күнге созылды.