ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы көшелердің бойындағы қарлардың уақытылы шығарылмауына көлік жүргізушілері наразы. Көктайғақ, қардан уақытылы тазартылмай тарылған жолдар, оның үстіне қатқан мұз төбешіктер көлік қозғалысына үлкен қауіп төндіруде,- дейді көлік жүргізушілері.
РКС: Көктем келе күн жылынса жол бойындағы үйілген қар күндіз еріп, түнде қатып, жол қозғалысын тіптен қиындатып жіберуі мүмкін. Қыс бойы уақытылы тазартылмаған қарлар қазірдің өзінде қауіпті.
СНХ: ТІЛЕУЖАН ОРАЗАЛИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мынау міне Сағдиев көшесі, кіре алмайсың. Өткенде қар тазалап жатқанда бәрін үйіп кетті жолға. Бұл көше ғой, көшеге үйіп кетті, өзім көрдім. Барлық көшелер мұз, кальеден шыға алмайсың қауіпті, авария болуы мүмкін. Соның барлығын тазалауға болады ғой, бұл адамдардың қауіпсіздігі. Қар кезінде тазаланбай, үйіп кетеді, мұз болып қатады. көшені тазалап өтуге болады ғой, машиналар шыға алмай тұрады.
СНХ: ақша бөлінеді ғой, техникаларыңыз бар, неге тазаламайды. Бізге өте қиын. Осындай жүк машинелерге.
РКС: Жол үстіндегі мұздардың уақытылы тазаланбауы салдарынан жол-көлік оқиғалары да көбейген. Ал қалалық әкімшіліктің мамандары жұмыс жоспар бойынша жүргізілуде деп отыр.
СНХ: МАХАББАТ САМРАТ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ, БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Көкшетау қаласындағы қар шығару жұмыстарымен бізде мердігер компаниялар айналысады. Олар "Тазалық" және "Зерен плюс" компаниялары. Олар 2 ауысымға бөлініп қар шығару, сыпыру жұмыстарын атқарады. скл. 01.22 мұздарды тазарту, бетін тегістеу бойынша әлбетте жұмыстар жүргізіліп жатыр.
РКС: Жол бойында үйілген қардан жолдар тарылып қалған. Көлік апаттарының алдын алу үшін қыста түскен қалың қар уақытылы шығарылса,- дейді көлік жүргізушілері.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.