ДИКТОР: Биыл тың игерудің 70 жылдығы. 1954-1965 жылдардың тарихи оқиғалары куәгерлерінің алды биыл жетпісті алқымдады. Олар сол жылдардың бастарынан кешкен қиын кезеңдерін еске алады. Тың игерудің 70 жылдығына арналған республикалық конференцияда 1954 жылдан бастау алған тарихи кезеңнің аспектілері айтылды. Сондай-ақ, елдегі аграрлық шаруашылықтың өзекті мәселелері талқыланды.

РКС: Қазақ жеріндегі тың игерудің тарихы 1954 жылдан бастау алады. Сол жылдары халық наннан таршылық көрді. Сондықтан Кеңес Одағының үкіметі қазақ жерінде тың игеруді бастау қажеттігі туралы шешім қабылдады. Қысқа мерзімде 25 миллион гектар жер игерілді. Жұмысты бастамас бұрын сарапшылар мен геологтар қай жерлерді егістік алқап ету қажет екенін зерделеді.

СНХ: МОЙЫЛЖАН ҚАНАЕВ, ТЫҢ ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ: Бұл орасан зор еңбек. Ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық тұрғыдан алып қарағанда да. Ол Кеңес одағында өмір сүрген барлық халықтың ортақ жемісі. Ас атасы-нан демекші, тың игеру науқаны басталған соң, қарнымыз тоқ, көйлегіміз көк болды. Менің бар өмірім осы астық саласында өтті. Агротехниканы қолдануды, дақылдарды өсіруді үйрендік. Біз егістік алқапта жақсы өнім ала бастадық.

РКС: 1954-1962 жылдар аралығында Қазақстанға тың игеруге 2 миллионға жуық адам келді. Николай Шерер де сол жылдары қазақ жеріне келгендердің бірі. Тың игеру Қазақстан патриоттарын тәрбиеледі. Адамдар тынымсыз еңбек етті. Осы уақыт аралығында 15 қала, 86 кент, жүздеген ауыл пайда болды. 530 мың шаршы метр жер баспана қолданысқа берілді. Ауылдарда 7 мың үй тұрғызылды. 30 білім ошағы салынды.

СНХ: НИКОЛАЙ ШЕРЕР, ТЫҢ ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ: Тың жерді адамдар игерсе, тың адамдарды көтерді. Ойланған адамға көп ой салатын ұғым. 1957-ші жылы ауылдарға жарық беріліп, электр станциялары пайда болды. Соның бәрі күні кешегідей көз алдымда. Нан пісіргеніміз де есімде. Ең бастысы барлық ұлт тату-тәтті өмір сүрді. Байлық осы емес пе? Татулық пен бірліктен асқан байлық жоқ дер едім. тан

РКС: Бүгінгі таңда мемлекет өткеннің тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанның құнарлы жерлерін жақсартуға қатысты шараларды жүзеге асыруда. Малдың шамадан тыс жайылуы мен жайылымдарды тиімсіз пайдалану салдарынан жер құнарсызданып барады. Жабайы өсімдіктердің түрі де жойылып барады. Оған судың тапшылығы әсер етіп отыр. Осы мәселенің бәрі үкімет тарапынан жедел шешім қабылдауды талап ететіні сөзсіз.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ