ДИКТОР: Арнайы жедел әрекет ету отряды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы құрылған жасағы. Батыл, физикалық жағынан мықты дайындалған ер адамдармен қоса бұл жерде нәзік жандылар да қызмет етеді. Қауіпті әрі қиын жұмысты олар ерлермен бірге иық тіресе атқарып келеді.
РКС: Жауынгер қыздардың арнайы бөлімі 2021 жылы ашылған. Содан бері нәзік жандылар ішкі істер органдарының басқа қызметтерімен қатар құқықтық тәртіпті қорғауда көптеген жауынгерлік міндеттерді орындап келеді.
СНХ: АРНАЙЫ ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ОТРЯДЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Бұл бөлімшеде біз басқа қызметтермен бірлесе жұмыс істейміз. Есірткі қылмысы мен ұйымдасқан қылмыспен күресеміз. Біздің ұстауымыз көлікте де, үй-жайларда да әртүрлі. Негізінен қылмыскер әйелдерді ұстаймыз. Кейін құқық қорғау органдарына жеткіземіз.
РКС: Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыспен күресті тұрақты орындау үшін жауынгер қыздар спорттық жаттығулардан өтеді. Олар спорттық гимнастика, төзімділік, жылдамдық пен күш жаттығуларына арналған. Жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша сабақтар қоғамдық тәртіпке немесе азаматтардың жеке қауіпсіздігіне қатер төндіретіндерді ұстау кезін және оқшаулауға үйретеді. Сонымен бірге өзін-өзі қорғау шараларына да басымдық беріледі. Айта кетейік, арнайы жедел әрекет ету отрядына кіру оңай емес.
СНХ: АРНАЙЫ ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ОТРЯДЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Іріктеу кезінде дене шынықтыруға басымдық беріледі. Біздің қызметке келген қызметкер міндетті түрде жекпе-жектен спорттық разрядқа ие болуы керек. Қылмыскерлер қарулы қарсылық көрсету мүмкін, сондықтан бізде табельдік қару, кісен, баллончик пен бейнерегстратор болу керек.
РКС: Бүгінгі таңда арнайы бөлімшеде 10 инспектор бар. Сондай-ақ, жауынгер қыздар атыс дайындығынан да тұрақты түрде өтіп тұрады.
ИНТЕРШУМ: қарудан ату
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАК ТІЛЕУҒАБҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ