РКС: Елімізде маралдың мүйізімен, яғни пантамен емдеу кең таралған. Сонымен қатар, марал өсірумен айналысатын фермалардың саны да артып келеді. Маралдың мүйізі мен қанынан түрлі дәрі-дәрмек жасайтын шаруашылық Бурабай ауданында да бар. Шаруашылықтың аумағы 600 гектар жерді алып жатыр.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘЦЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Бұл өңірдегі марал өсіретін жалғыз қожалық. Кербұғылар мұнда 2009 жылы Қатон-Қарағайдан әкелінген. Бүгінде қожалықта 250-ден астам марал бар.
СНХ: АЙБОЛАТ РАХМАТУЛИН, МАРАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бөлеміз қыста еркектерін бөлек, ұрғашысын бөлек, бұзауларын бөлек. Сосын көктемде тағы қосамыз бұзаулар мен ұрғашыларды. Ал еркектер мында қалады бөлек. Сосын жазда ұрғашылары бұзаулайды, ал еркектердің мүйізін кесеміз.
РКС: Кербұғылар сиыр мен қой секілді жайлауға апарып, айдап қайтуға көнбейді. Емін-еркін жайылуға үйренген. Жазық далаға кетіп қалмас үшін жайылымдар түгелдей қоршалып, бақыланады. Қыстыгүні боранды күндері арнайы дайындалған қораларға өздігінен келіп паналайды. Оларды жазда бір рет, ал қыста екі рет қоректендіреді.
СНХ: БАҚЫТЖАН ЖАҚАЙБАЕВ, МАРАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ: Таңертен келіп жемін береміз, шөбін береміз. Бір мезгіл жайлаймыз. Сосын объез жасаймыз атпен. Территорияны айналып қараймыз.
СНХ: НҰРБОЛ ӘЛМАҒАМБЕТОВ, МАРАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ: Жазда жапырағын дайындап, қыста береміз. Жасыл жапырақты суға тигізбей, кептіреміз. Сосын қарағайдың хвоясын береміз. Тұзын, витаминдерін, сухой молоко лақтарына береміз.
РКС: Маралдың мүйізінде 15-тен астам түрлі аммин қышқылы мен басқа да микроэлементтер бар. Пантада кездесетін пайдалы заттар санаториялық ем қабылдау барысында қолданылады. Оны алу үшін жас жануардың мүйізін кесіп алу керек. Маралдардың мүйізін кесу науқаны маусым, шілде және тамыз айларында жүргізіледі. Себебі, дәл осы кезеңде олардың мүйізі өсіп жетіледі. Кербұғының мүйізін кесуге арнайы орын да бар.
СНХ: РАДИК ӘШІМОВ, "AQ MARAL" САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ БАСШЫСЫ: Бізде панта гематогені бар. Бұл маралдың мүйізінен шыққан қан. Ол иммундық жүйені және жүрек-қан тамыр жүйесіне өте пайдалы. Иммундық жүйені нығайтады және тестостеронды арттырады. Мұндағы ұсынылған барлық өнімдер маралдың мүйізінен және арнайы шөптерден жасалған. Олардың құрамында көптеген дәрумендер мен минералдар бар.
РКС: Мамандардың айтуынша, еліміздегі маралдардың мүйізі әлем бойынша жоғары бағаланады. Өйткені, олар үнемі биік тауларда, шұрайлы жайылымдарда өседі. Сол себепті де, мүйіздерінде адам ағзасына пайдалы элементтер өте көп.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ