ДИКТОР: Қазір қазақстандықтар үшін баспана мәселесі өзекті. Сол себепті Отбасы банкі «Отау» атты жаңа мемлекеттік бағдарламаны іске қоспақ. Өтініштер наурыздың 1-нен сәуірдің 30-на дейін қабылданады. Мамандардың айтуынша, бағдарлама 7 жылға есептелген.
РКС: 150 млрд теңге. «Отау» бағдарламасы бойынша қазақстандықтарға ипотекалық несие беру үшін биыл осынша қаржы бөлінеді. Қаражат 7 жылда 50 мың жанұяның баспаналы болу арманын орындауға бағытталмақ. «Отау» бағдарламасына Отбасы банкінің салымшылары, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады. Тағы бір атап өтерлігі, банктегі жинақ шоты 18 айдан кем болмауы тиіс. Депозиттегі жинақ сомасы 1 миллион теңгеден төмен болмауы шарт. Бағдарламаға 18-бен 63 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Соңғы 5 жыл көлемінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Алматы және Астана қалаларынан тұрғын үй алатындар үшін ол шаһарларда тұрақты тіркеуі болуы қажет. Бағдарламаның негізгі талаптары осындай. Бағдарламаға қатысушылар кұны 18 млн теңгеден аспайтын баспана ғана ала алады. Жалпы, бағдарлама шарты өте тиімді,-дейді мамандар.
СНХ: ДӘУЛЕТ ЖҰМАН, «ОТБАСЫ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Алдымен клиент банктің сайтына кіріп, өтінім береді. Кейін, мамандар 7-8 мың адамды іріктеп алады. Олардың төлеу қабілеттілігін растауға шамамен 2 ай уақыт беріледі. Ол расталғаннан соң 6 айдың ішінде клиент сатып алғысы келетін баспана табуы керек. Бағдарламаның қысқаша атауы 9.20.25 деп аталады. Яғни 9 проценттік мөлшерлемемен ипотека беріледі. Алғашқы жарна 20 процент. Несие мерзімі 25 жыл.
РКС: Айта кетейік, бұл көпшілік күткен мемлекетік бағдарлама. Ерекшелігі, ең төмен бастапқы жарнамен пәтер алуға мүмкіндік. Ал көкшетаулықтар үшін баспана алу әлі де өзекті болып отыр.
БЛИЦ:
Көбін жастар жағынан беріп жатыр ғой. Көреміз. Бағдарламалар шыққаны жақсы. Алдымен жастарға. Үйсіз жүрген қанша адам бар. Қанша жастар бар. Біздің өзіміз де неше жыл елде тұрып, зейнетке шыққан соң қалада тұрғымыз келеді. Ілексек жақсы болар еді.
Я слышал про программу «Отау» от знакомых, друзей. Они ознакамливаются. Вот сегоднч сам пришел в «Отбасы банк». Очень выгодные условия. В целом такие программы очень важны для молодежи, для тех кто хочеть взять квартиру.
РКС: «Отау» бағдарламасына қатысушылардың тізімі Отбасы банкінің сайтында жарияланады.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ