ДИКТОР: Көкшетауда ақын, жазушы Мұса Жәлелдің туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Шараға облыстық татарлар мен башқұрттар бірлестігінің мүшелері мен Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері қатысты.
РКС: Татар халқының мақтанышы Мұса Жәлел 1906 жылы ақпанда дүниеге келген. Рахима мен Мұстафа Залиловтарда 6 бала тәрбиеленді. Поэзияға деген махаббат пен ойды әдемі жеткізу Жәлелге анасы айтқан халық әндерімен, әжесі оқыған ертегілерімен дарыды. Мектепте теориялық пәндерден бөлек, кішкентай Жәлелді әдебиет, ән айту мен сурет салу қызықтырған.
СНХ: РАФАИЛ СУЛЬКАРНАЕВ, ТАТАРЛАР МЕН БАШҚҰРТТАР ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін бізде маңызды шара - татар халқының көрнекті ұлы Мұса Жәлелді еске алу күні. Оның туған күнінде біз жыл сайын дәстүрлі түрде оны еске алу күнін, өлім жазасына кесілген татарлар күнін өткіземіз деп шештік. Әр халық өз батырларымен мақтанады ғой. Мұса Жәлел тек татар халқы үшін ғана емес, бүкіл әлемге танымал. Оған құрмет көрсете отырып, біз Көкшетауда облыс, қала әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің күш-жігерінің арқасында Мұса Жәлелге ескерткіш қойғанбыз.
РКС: Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан шараға қатысып, ақынға құрмет көрсеткендердің қарасы қалың.
ИНТЕРШУМ: балалардың өлең шумақтарынан үзінді
СНХ: ШИЯП ӘЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін Кеңес Одағының батыры Мұса Жәлелдің туған күні. Ол - Кеңес Одағының батыры ғана емес, татар халқының, қазақ халқының да ұлы. Онымен бірге саяси лагерьлерде көптеген қазақтар отырды. Мұса Жәлелге жала жабылды, сатқын деді. Мұндай жағдай қазақ халқының да басынан өтті.
РКС: Мұса Жәлел ұзақ уақыт бойы сатқын болып саналған. Себебі, ол Вермахт бөлімшесінің, яғни фашистік идеологияны таратқан ұйым құрамына кірді. Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана ақынның іс жүзінде қылмыскер емес, батыр екені дәлелденді.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ