ДИКТОР: 15-ші ақпанда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толады. Он жылға созылған сұрапыл соғысқа 22 мыңнан астам қазақстандық жауынгер қатысса, соның 1 мыңдайы Ақмола облысынан аттанған. Соның 60-тан астамы ерлікпен қаза тапты. Отты жылдардың тірі куәгерлері бүгінде өскелең ұрпақ өкілдерімен кездесіп, естеліктерімен бөлісуде. Әсерлік кеш «Салтанат сарайы» жанындағы қалалық үлгілі кітапханасы әзірлеген «Ауған соғысы-тарих қойнауының бір парағы» атты көрмеден бастау алды.
ИНТЕРШУМ: көрмеден үзінді
РКС: Сонымен бірге «Естен кетпес естеліктер», «Полковниктің дара жолы» атты фотосуреттер көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды. Ақмола облысында Ауған соғысының 700-ден астам қатысушысы тұрады. Кездесу барысында Ауған соғысы ардагерлерінің ерліктері насихатталды. Аға ұрпақ Отан алдындағы парыз, туған жеріне деген қасиетті борыштың не екенін кейінгі толқынға өздерінің басынан кешкен қиындықтарын үлгі ете отырып, суреттеді.
СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, «АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНІҢ ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ауғаннан шыққанда 35 жыл. Іс-шаралар көп. Бүгінгі күні ауған соғысының ардагерлері мектеп, колледж балаларымен кездесулер өткізіп жатыр. Ол жұмыстар жыл сайын болып жатады.
РКС: Ауған жеріне аттанған қазақстандықтардың 900-ден астамы ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты. Үшеуі хабар-ошарсыз кеткен еді. Бір сүйініштісі, араға 30 жыл салып, Алексей Зуев есімді сарбаздың топырағы елге жеткізілді.
СНХ: ЖАНАТ ЕРЕЖЕПОВ, «ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕРІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Облыс бойынша 5-ақ адам қалды солғысқа қатысқандар. Өмір деген өтіп жатыр. Дүниеден өтіп жатыр. Ал енді мына олардың ізбасарлары, мен ойлаймын, Ауған соғысының ардагерлері. Өйткені, расында да, бұл жігіттер 18 жаста әскерге шақырылып, өздерінің борыштарын басқа елде өтеуге шақырды. Сол жерде, соғысқа қатысты. Сол арқылы мына жастарды Отансүйгіштікке, патриотизмге үйретеді.
РКС: Кездесуге жиылған жастар ардагерлермен диалог құрып, түрлі сауалдарды ортаға салды.
СНХ:ЕВГЕНИЙ КЛЕПЦОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Күні кешеге дейін, көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтардың бірі болып қала бермек. Даңқты батырымыз Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс-күймейсің» дегені бүгінгі нақ біздің интернационалдық жауынгерлеріміздің өмірімен тура қабысып жатқандай. Жалпы Ауғанстан соғысының ахуалы саяси тұрғыдан қалай бағаланса, бізде олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз.
РКС: Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай жоспарға сай Ақмола облысының аумағында ауқымды шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ардагерлерге қаржылай сыйақы да берілмек.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ