ДИКТОР: Облыс бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсететін 20 орталық жұмыс істейді. Ол жерде бизнес өкілдеріне тегін кеңестер беріліп, сервистік қызметтер көрсетіледі. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін "Бизнеске арналған үкімет" платформасы жұмыс істеп тұр. Онда бухгалтерлік, маркетингтік және құқықтық мәселелер мен конкурстық процедуралар бойынша онлайн көмек көрсетіледі. Сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат та алуға болады.
РКС: Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары Степногорск пен Қосшы қалаларын және облыстың барлық ауданын қамтиды. Жыл басынан бері сервистік қолдауға қатысты 150-ден астам адам көмекке жүгінген. Өтініш берушілердің қатары былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге өскен.
СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдеріне кеңес беруді және сервистік қызмет көрсетуді жалғастыруда. Ақпараттық қолдау бойынша 942 қызмет көрсетілді. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында 500-ден астам қызмет түрі ұсынылды.
РКС: Өңір кәсіпкерлері палатаға көбінесе жеке кәсіп ашу, алкоголь өнімдерін сатуға лицензия алу, салық және статистикалық есептерді тапсыруға қатысты сұрақтармен жүгінеді. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде грантқа өтінім беруге қатысты да көмек көрсетіліп, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беріледі.
СНХ: ОЛЕГ БЕЧКО, КӘСІПКЕР: Мен кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгіндім. Қызметкерлер жедел қызмет көрсетті, білмегенімді ілезде түсіндіріп, реттеп берді. Жеке кәсіп ашу үшін көмек сұрап келген едім. Алғаш рет ашқалы отырғандықтан, білмейтін тұстарын сұрап алдым. e-Salyq Business қосымшасын қалай пайдалану керектігін көрсетіп, егжей-тегжейлі түсіндірді.
СНХ: АННА ЖОЛАМАНОВА, КӘСІПКЕР: 2017 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысамын. Содан бері кәсіпкерлер палатасының қызметіне жүгініп келемін. Ақысыз бухгалтерлік қызметтер көрсетіп келді. Палата ұжымы былтыр лицензия алуға көмектесті. Бұл жердегі қызметкерлер кішіпейіл, және өз істеріне өте мұқият. Ешқандай мәселе туындаған емес. Жеке кәсіпкерлік ашу және тіркеу кезінде еш ойланбастан кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады. Барлық кеңесшілер көмектеседі.
РКС: Кәсіпкерлер палатасының мамандары бизнес-жоспарларды әзірлеуге көмектесіп, тендерлерге қатысуға қатысты да кеңес береді. Барлық қызметтер бизнесмендер үшін үздіксіз және өтеусіз ұсынылады.
ГҮЛЗАТ ҚАЛЫМ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ