ДИКТОР: Сарыарқа шағын ауданында орналасқан бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары суға жарымай отыр. Тіршілік нәрінен тарыққан пәтер иелері ауыз суды сатып алуға мәжбүр. Жауапты ұйымдардың табалдырығын тоздыра мезі болған халық мәселенің шешімін таба алмай дал.

РКС: Көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер иелерінің бәрі бірдей ауыз суға зәру емес. 4-ші қабатқа дейін судың қысымы жоғары. Ал жоғарғы қабаттарда сыздықтап қана ағып тұр.

СНХ: ЛӘЙЛӘ СӘБИРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Осы жарты жылдың ішінде судың мәселесі қиындыққа соқты. Демалыс күндері кешке қарай үйде су болмайды. Бастапқыда осылай ағады да содан тіптен ақпай қалады. Балаларды жуындыру қиын. Ыдыс жуылмай қалады. Өзі әзер көтерілетін су әзер ағады. Қазір міне напор болып тұр. Өйткені күндіз адам болмайды. Кешке адам жиналған кезде су ақырын ағып тұрады.

СНХ: САРА ТАСМҰҚАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен осы Сарыарқа 15-те –ші тұрам. Су жоқ. Ылғи кешке су болмай қалады. Даладан тасыймыз. Су лай. 8-ші қабатта тұрамын оңай емес. Осындайды зорға әкелемін.

РКС: Тұрғындардың шағымы әкімшілік басқармасына да жеткен. Жауапты мамандарға да жүгінгендері аз емес. Дегенмен, жабулы қазан жабық күйінде қала бермек. Себебі, судың қысымын арттыратын құрылғыны тұрғындар өз қаражатына сатып алу керек,-дейді «Су арнасы» мекемесінің маманы

СНХ: АДАЙ ЕСЕНТУРОВ, ПӘТЕР ИЕСІ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Менің ойымша бұл мәселенің кооперативке еш қатысы жоқ. Жаңа үй деген аты ғана. Сорғы қарастырылмаған. Үйді тұрғызған кезде жобаға енгізілмеген.

СНХ: ҚАЙРАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ» КӘСІПОРНЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Су қысымын жоғарылататын сорғы орнатылса, мәселе шешіледі. Ол құрылғы 5 қабаттан жоғары салынған үйлерге қолданылады. Бұл үйде ондай сорғы жоқ. Сондықтан осындай мәселе туындап отыр.

ИНТЕРШУМ: подвал

РКС: Көпқабатты үйдің тұрғындары суды осылайша тасып ішуге мәжбүр. Бұл мәселе әзірге шешімін табуы екіталай. Өйткені, бұл үйлерге жақын маңда құрылысы жүріп жатқан басқа да баспаналар ортақ желіге қосылады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ