ДИКТОР: Былтыр облыс жолдарында 600-ге тарта жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өкініштісі, соның салдарынан 117 адам қаза тапты. 900-ге жуығы жарақат алған. Жыл жаңа басталғанымен, жол-көлік оқиғасына қатысты статистика көңіл көншітпейді. Қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары тәулік бойы республикалық, облыстық маңызы бар жолдарды бақылайды. Бұл ретте «Автоураган МС» жылжымалы кешені көп көмек.

РКС: Бұдан бөлек, жылдамдықты асырудың салдарынан болатын апаттардың алдын алу үшін автоматтық 64 жүйе жұмыс істейді. Оның 2-і «Екін патрол» жылжымалы кешені. Соның арқасында облыс жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының санын біршама азайтуға қол жеткізілді. «Автоураганның» стационарлық жүйелері орнатылған жерлерде жол-көлік оқиғасы 58 фактіге азайды.

СНХ: АСЛАН ҚЫЗБИКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Бұл жүйеге 6 бейнебақылау камерасы орнатылған. Алдынан, бүйірінен және артынан қос камера бақылайды. Бұл жүйе жүргізушілерді тәртіпке үйретеді. Жүргізушілер автоураганды көрген сәтте бірден көліктің жылдамдығын азайтады. Түрлі чаттарда, әсіресе такси жүргізушілері жолдың әлдебір бөлігінде «Автоураганның» жүргені туралы бір-бірін ескертіп отырады. Жалпы айтқанда, бұл кешенді пайдалану арқылы жол-көлік оқиғаларының алдын аламыз.