ДИКТОР: Ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланып, тұрғындарға алыс жолға шықпау керектігі ескертілді.Кешелі бері өңір полицейлері 26 колонадан тұратын 4 мыңнан астам автокөлікті ілестіріп алып жүрді. Апатты- құтқару жұмысына 30-дан астам қызметкермен 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Жел бәсеңдеп, ауа райы жақсарды. Алайда, жолдарда көктайғақ. Қала сырты әлі де боран. Сондықтан, облыстағы бірнеше бағыт бойынша жолдар жабық.
СНХ: ӘДІЛБЕК СҰРАҒАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Көкшетау-Рузаевка, Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, Жезқазған-Петропавл, Жақсы-Есіл-Бұзұлық және Екатеринбург-Алматы, Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейін 5 автожолдар жабық. Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары, полиция департаменті сіздерді елді-мекендерден тыс сапарлардан бас тартуды сұрайды. Көлік құралдарын басқару кезінде көктайғақ пайда болған автожолдарда жылдамдық режимі мен қашықтықты қозғалыс кезінде ерекше сақ болуыңызды сұрайды.