ДИКТОР: "AMANAT" партиясының облыстық филиалы жанындағы "Кітап-Аманат" орталығында Көкен Шәкеевтың 100 жылдық мерейтойына арналған зиялы қауым өкілдері мен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері кездесті. Іс-шарада Көкшенің көк нөсері Көкен ақынның өмірі мен шығармашылығы сөз болды.
ИНТЕРШУМ: айтыстан үзінді
РКС: Отан соғысының ардагері, Қазақстан айтыс ақындары қауымдастығының тұңғыш президенті, ақиық ақын Көкен Шәкеевтың туғанына биыл 100 жыл. Ол қазақы сөздің қадір-қасиетін жоғары бағалап, орынды қолдануға үндейтін. Айтыс өнерінің тәрбие мектебі екеніне ерекше назар аударған.
СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, АҚЫН: Бұл жерге бүгінгі жастарға, студенттерге Көкен атамыздың шығармашылығы туралы, өмір жолы туралы, артында қалған мұрасы туралы айтпақпыз. Сондай мақсатпен бас қосып отырмыз.
РКС: Ақын 13 жасынан бастап қолына домбыра алып, өлеңдерімен халықты тамсандырған. Ол Көкшетаудың абыройы, айбыны, асқар тауы болды,-дейді соңынан ерген інілері.
СНХ: ШИЯП ӘЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Әбілжан Ұмышев, Көкен, мен бірге жүреміз. Орысша айтқанда бізді "три кита" дейтін. Көршіліккке, ағалыққа ақылын айтуға сондай жақсы кісі еді. Біздің үйде той болғанда өлеңмен бата беретін. Өте ақкөңіл болды. Өзі сондай юморист. Бір жере отырғанда өзінің әзілін айтып жіберетін. Отырған жерді жандырып отыратын.
РКС: Көкен Шәкеевтың 100 жылдық мерейтойына орай облыс орталығында халықаралық айтыс ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында белгілі журналист Райхан Сейітованың "Келбеті Көкшетаудай дара тұлға" атты кітабының электронды нұсқасы көрші мемлекеттердің ақын-жазушылары таратылмақ.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ