ДИКТОР: Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «Алаш» пластикалық драмасының премьерасы өтті. Қойылымда ұлт ұстазы атанған алып тұлға Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары арқылы «Алаш» зиялыларының қилы тағдыры мен ұлт мүддесін алға тартқан өр рухы сахналанды.

ИНТЕРШУМ: спектакльден үзінді

РКС: Болашақ ұрпақ қамы үшін басын бәйгеге тіккен небір ақтаңдақтар жазықсыз жапа шегіп, адам айтқысыз азап көріп, итжеккенге айдалып атылып кеткені әмбеге аян. «Бұл бар ғұмырын арнаған алаш арыстары жайлы өзгеше сарында толғайтын спектакль», - дейді қойылымның қоюшы режиссері.

СНХ: НҰРИСЛАМ ӘБДІЛ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: Бұл қойылымда жалпы тек қана Ахметтің айналасындағы, жеке басындағы, халықтық трагедия емес. Бұл жерде Алаш зиялыларының аңсаған мұраты, арзу арманы, талпыныстары, үлкен бастамалары, аяқсыз қалған жоспарлары, жас ұрпаққа аманаты аманаты жайлы сөз қозғайды. Бұл қойылымның ерекшелігі классикалық шешімдермен шешілген. Драмаға сәйкес кейіпкерлердің диалогы, үлкен паузалар ұстайтын немесе сөздің астарын ашатындай мүмкіндік берілмеген. Бұл жерде барлығы бір дене, бір ағзадай әрекет ететін режиссуралық шешімге құрылған.

РКС: Сұрқия саясаттың дауылына қарсы тұрып, қазақтың саяси теңдігі мен рухани кемелдігі жолында қызмет еткен Ахмет Байтұрсынұлының ролін сомдаған актер Жалғас Тұйғынбаев қойылымда өзекті мәселенің бірі тіл екенін жеткізеді.

СНХ: ЖАЛҒАС ТҰЙҒЫНБАЕВ, Ш. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: Бұл образбен, Ахмет атамызбен, еліміздің құндылығын, әрі тіліміздің мәселесін көтереміз. Қазіргі актуалды тақырып. Тіл жайында айтатын боламын. Ахмет атамыз айтқандай: «Өзінің тілін жоғалтқан жұрт, өзін де жоғалтады» деген. Тілімізді құрметтеу және өз мемлекеттік тілімізде сөйлеу.

РКС: Сахнада актерлер қоғамдағы оқиғаларды, әрекеттерді мейлінше пластикалық тұрғыда көрсетті. Актерлер адам бейнесінде ғана емес, жануарлар кейпіне де еніп, көрермендерді өзгеше бір ойға жетеледі. Қойылымның ерекшелігі де осында.

СНХ: НҰРТАС АХАТ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл жерде мимикадан гөрі, хореографиялық дүниемен драма екеуінің қосындысын айтуға болады. Пластикалық драманың негізі қозғалыс пен адамның ішкі псилохологиялық толғанысын екеуінің синтезделуін көрсетеді. Меніңше, мынау сахналық декорацияның ішінде тек қана арқан болды. Өйткені, Алаш кемеңгерлерінің тағдыры сол арқанмен шенделген.

РКС: Пластикалық драма көрермендердің көңілінен шығып, актерлер халықтың ыстық ілтипатына бөленді.

ИНТЕРШУМ: көрермендер әртістерге қол шапалақтауда

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ