ДИКТОР: Талдықорғанда қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен қатар еліміздің 17 облысынан 1500-ге жуық жас балуан қатысты. Ел біріншілігіне қатысқан ақмолалық спортшыларды жерлестері құрметпен қарсы алды.

РКС: Қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында Ақмола облысының намысын 38 балуан қорғады. Жалпы жарысқа 2007-2008 және 2009-2010 жылы туған балалар қатысты. Солардың бірі – Мұхамед Мәдімұхамед. Ол 65 келі салмақта өнер көрсетіп, ел чемпионы атанды.

СНХ: МҰХАМЕД МӘДІМҰХАМЕД, ЧЕМПИОНАТ ЖЕҢІМПАЗЫ: Менде 6 рет толғақ болды. Финалда Түркістандық спортшымен бәсекеге түстік. Ал жартылай финалда алматылықтармен. 3-қарсылас Ұлытау қаласыныңспортшылары болып шықты.2-ші жекпе-жек шымкенттік балуанмен, біріншісі Талдықорғандық жергілікті спортшымен өтті. Қиын болды, ең қиын қарсылас финалда кездесті.

РКС: Чемпионатта 28 салмақ дәрежесі бойынша 112 медаль жиынтығы мен 2 кубок сарапқа салынды. Ақмола облысына екінші алтынды 60 келі салмақта сынға түскен Жансая Айтқожа әкелді.

СНХ: ЖАСҰЛАН МҮСІПОВ, БАПКЕР: Жарыс алдында Шортанды ауданында оқу-жаттығу жиындары өтті. Жалпы дайындық өте жақсыболды.Чемпионатқа 38 балуан қатысты, оның ішінде 10ы қыз бала. Барлығы екі алтын жеңіп алдық,соның біреуін қыз жеңіп алса, екіншісін Мұхамед жеңіп алды.

РКС: Өткен жарыста жеңімпаз атанғандар қазақ күресінен Азия және әлем чемпионаттарына жолдама алды.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ