ДИКТОР: Ауа райының қолайсыздығына байланысты кешеден бері облыс аумағында бірнеше бағыттағы жолдар жабылды. Атап айтсақ, Щучинск-Астана, Зеренді-Атбасар бағыттарында және Астана маңындағы аудандарда. Тіпті кейбір поездар да кестеден кешіккен. Сондай-ақ, қатты жел болуына байланысты Көкшетауда мектеп оқушылары қашықтан білім алуға көшті.
РКС: Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Көкшетау қаласында 2-ші ауысымдағы 1-7-ші сынып оқушылары қашықтан білім алуға ауысты. Ертең де сабақ онлаин форматта өтуі мүмкін. Облыс аумағындағы ауа райына атлант циклоны белсенді әсер етеді, - дейді синоптиктер. Ертең жолдарда боран және көктайғақ күтілуде. Сонымен қатар, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 30 м/с-ден асады.
СНХ: САЛТАНАТ ОЙНАБАЕВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: Облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады деп күтілуде. Салдарынан аймақтағы жолдарда көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жылдамдығы 23-28 м/с дейін жететін жел соғады. Боран болуы ықтимал. Ал, аптаның соңында ауа температурасы күрт төмендейді деген болжам бар. Түнде -20-25 градусқа дейін, ал күндіз -15-20 градусқа дейін аяз.
РКС: Төтенше жағдай қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарын жеңілкөлікпен ұзақ сапарларға шықпай, ауа райы болжамына құлақ асуға шақырады. Жол бойында оқыс оқиғаларды болдырмау үшін қозғалыс ара қашықтығын, жылдамдық режимін сақтау және кенеттен тежеуді қолданбау қажет. Дауылды ескерту алған кезде сапарды кейінге қалдырып, ауа райының жақсаруын күткен жөн.
СНХ: ДАНИЯР САНСЫЗБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ: Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 ақпаннан бастап Ақмола облысы ТЖД Дағдарыстық жағдайлар басқармасы базасында төтенше жағдайларға жедел әрекет ету штаб жұмыс істейді. Өткен тәулікте тас жолдарда көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар тасжолдардың 17 учаскесі және облыстық маңызы бар 38 учаскесінде жол жабық. ТЖД қызметкерлері 5 рет шақыртуға барып, 43 адамды, соның ішінде 2 баланы құтқарды.
РКС: Еске салайық, тасжолдардың жабылуы мен ашылуы туралы тұрғындар «Дармен» арнайы мобильді қосымшасынан немесе 14-03 нөмірі бойынша «ҚазАвтоЖол» орталығынан біле алады. Төтенше жағдайлар және шұғыл көмек көрсету қажет болған жағдайда құтқару қызметіне 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ