ДИКТОР: Ағаштан жасалған бұйым нарықта жоғары сұранысқа ие тауарлардың бірі. Экологиялық таза өнім дайындайтын өндірістің бірі Зеренді ауданында орналасқан «Kazwood» серіктестігі. Ас үй жиhаздарын жасауды қолға алған ағаш өңдеу цехының іске қосылғанына 5 жылға жуықтады

РКС: Алғашында орындықтың бірнеше түрін жасауды қолға алған серіктестік қазір кез-келген үлгідегі жиһазды сан түрлі ою-өрнекпен әрлей отыра тапсырысты жүзеге асыра алады. Айына шамамен 40 текше метр өңделген ағаштан 1 мыңға жуық орындық және 500-ге жуық үстел нарыққа шығады.

ИНТЕРШУМ: цехтың жұмыс барысы

STAND-UP: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Цехтың жұмысы 80 пайыз автоматтандырылған. Арнайы құрылғылар Ресей мен Қытай елінен әкелінді. Қытай елінен келген осы құрылғыда 16 бұйымды бір уақытта ою-өрнекпен безендіруге болады. Бастан-аяқ бұл бұйымды безендіру үшін 1 тәуліктен артық уақыт кетеді.

СНХ: АНАТОЛИЙ ЛИТВИНОВ, АҒАШ ШЕБЕРІ: Арнайы құрылғылар ағаштан кез-келген бұйымды жасауға мүмкіндік береді. Жабдықтардың барлығы заманауи әрі жаңа. Дәл қазір мен қазақи нақыштағы жиылмалы дөңгелек үстел жасап жатырмын. Осындай қазақша үстелдер түрлі диаметрде дайындауға болады. 8, 6 және 4 адамға шақталған үстелдерді де жасаймыз. Шамамен 3 күн уақыт кетеді.

РКС: Негізінен қарағай ағашы қолданылады. Десе де тұтынушылардың өтініші мен тапсырысына қарай емен және бук ағашы да өңделеді. Айта кетейік, кәсіпорын тауардың сапасына ерекше мән береді. Былтыр серіктестік мемлекеттен субсидия алып, қажетті құрылғыны арнайы тапсырыспен алдырып, өндіріске орнатқан.

СНХ: АҚМАРАЛ ОМАРОВА, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ: Кәсіпорын бірнеше жұмысты біріктірген. Шикізатты өңдеуден бастап, дайын өнімді нарыққа шығарғанға дейін барлық жұмыс осы цехта орындалады. Нарыққа шыққанымызға 3-4 жылдың көлемі ғана. Біздің өнім тек өңірге ғана емес, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Петропавл қалаларында да жоғары сұранысқа ие. Тауардың сапасы шетелдік өнімнен асып түспесе, еш кем емес.

РКС: Кәсіпорын 5 шағын цехтан тұрады. Бірінде шикізат өңделіп пішінделсе, екіншісінде ою-өрнекпен әрленеді. Ал қалған цехта дайын бұйым сүргіленіп, арнайы бояумен сырланады. Ісі дөңгеленген серіктестік 10-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ