ДИКТОР: Спорт-денсаулық кепілі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, әрі шымыр болары сөзсіз. Әрі адамды зеректікке немесе шапшаңдыққа үйретеді.Бұқаралық спортты дамытуға зор үлес қосып жүрген шаруашылықтар да аз емес. Соның бірі- Целиноград ауданына қарасты «Родина» агрофирмасы» серіктестігі.

РКС: Родина ауылы футбол, волейбол, баскетбол және үстел теннисі спортының дамуына зор үлес қосып келе жатыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтыру залы, футбол алаңы, хоккей және екі волейбол алаңы бар.

СНХ: ВИОЛЕТТА СТАРОСТИНА, ВОЛЕЙБОЛШЫ: Мен волейболға үшінші жыл қатысып жүрмін. Тренировка сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері өтеді. Сейсенбі және бейсенбі күндері сағат алтыдан, сегізге дейін, ал жұма күні сағат төрттен, алтыға волейбол ойнаймыз. Жарысқа Егіндікөл ауданы және Көкшетау қаласына бардық. Сондай-ақ, біздің ауылда спартакиада өтеді.

РКС: Жыл сайын спартакиада ерлер мен әйелдер командалары арасында спорттың 20 түрi бойынша өткiзiледi. Спорттық жарысқа 300-ден астам адам қатысады. Қажетті спорттық құрал-жабдықтар жергілікті ауыл шаруашылығы компаниясының қаражатына сатып алынады.

ИНТЕРШУМ: баскетбол ойынынан үзінді

СНХ: ЕРЛАН ТАСБОЛАТОВ, РОДИНА АУЫЛЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазір баскетбол бойынша топтық кезең өтуде. Ал демалыс күндері финалдық ойындар жоспарланған. Сонымен қатар, шорт-тректен, шаңғы жарысынан және әйелдер бильярдынан жарыстар өтеді. Біздің ауданда спорт саласына үлкен ден қойылып отыр. Бізде спортпен шұғылданатын балалардың саны өте көп. Сондай-ақ, ересек тұрғындар да бар. Бізде барлық жағдай жасалған.

СНХ: НИКИТА ТАЛЫХ, БАСКЕТБОЛШЫ: Мен волейбол мен баскетбол үйірмелеріне белсене қатысамын. Қазір бізде спартакиада сияқты көптеген жарыстар өтуде. Мен оларға қатысамын, мектебімнің атынан ойнап жүрмін. Бізде мұндай ойындарды өткізуге барлық жағдай жасалған, өзіміздің құрал-жабдықтарымыз, доптарымыз бар.

РКС: Дені сау ұлт –болашақ кепілі. Халықтың дені сау, рухы мықты болса ғана ел игілігі үшін аянбай еңбектенеді,-дейді ауыл тұрғындары.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ