ДИКТОР: Энергияны қалай үнемдеуге болады? Көкшетау қаласының тұрғыны Алшын Қазыбеков бұл сұрақтың жауабын таптым дейді. Өнертапқыш «Кернеуді реактивті тұрақтандырғыш» және «Шойын электр оттығы» деп аталатын қос құрылғының үлгісіне патент алыпты.
РКС: Автор күнделікті тұрмыста әдеттегі 220 вольттың орнына «Кернеуді реактивті тұрақтандырғыш» құрылғысы арқылы 198 вольтты пайдалануға болатынын айтып отыр. Бұл өз кезегінде электр энергиясына төленетін шығынды үнемдеуге мүмкіндік бермек. Шойын электр оттығын пайдалану энергияны 70 процентке дейін үнемдеуге ықпал етеді. Оған кернеудің реактивті тұрақтандырғышын қосқанда, 90 процентке дейін үнемдеуге болады,-дейді ол.
СНХ: АЛШЫН ҚАЗЫБЕКОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Барлығы 220, 242 вольт үшін ақы төлейді. Бүгінге дейін ешкім көп сома төлеп жатқанына бас қатырған жоқ. Ешкім қызығушылық да танытпаған. Бұл жағдайдан шығудың қарапайым жолы бар. Біз оны фазаға салып, оны қостық және ол 200 вольт береді, жұмыс істеп тұр. Энергияны тұтынуды азайту арқылы ұтады. Дәл осы шамдар арқылы реттеледі. Бұл реттегіш лампа. Ол энергияны тұтынуды реттеп отырады. Мұндай құрылғы ешкімде жоқ. Біз оны қосқанда, ол қызыл болып жанады, 200 вольт береді және бүкіл жүйе жұмыс істеп тұрады.