ДИКТОР: Жылқы үшін жұт жыл болды. Облыс аумағындағы барлық ауыл-аймақтарда жабағы, тайды былай қойғанда, биыл биелердің өзі қолға келді. Өйткені, күзде жауған жауын мұз болып қатып, қалың түскен қарда мал тебіндей алмай жүдеп кетті. Азықтың жоқтығынан далада биелер құлап жатыр. Жем-шөп бағасы қымбат, мал саны күрт азайып кетті,- деп ауыл тұрғындары дабыл қағып отыр.

РКС: Амантай Байдалин - Қонысбай ауылының тұрғыны. Биыл оның 4 бірдей жылқысы қолға келген. Мал қолға келген күннің ертесіне жабағысы құлаған.

ИНТЕРШУМ: Аш болып келген қысқа, егінді уақытындай алмайды. Октябрьда шабады, подгон өспейді. Жылқы подгонды жейтін. Жоқ. Барлығы человеческий факторға тірелді. Погода болады. Бәлен жылдан бері қыс болып жатыр. Бірінші рет үлкен жылқы келгені, жабағыларды алатынбыз. Мынадай болған жоқ.

РКС: Бұған - жайылым және шабындық жерлердің тапшылығы себеп. Одан қалды биыл қыс та қаһарлы.

СНХ: АМАНТАЙ БАЙДАЛИН, ҚОНЫСБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен 60-қа келдім. Бұған дейін жылқы қолға келген емес. Жабағыларды алатынбыз, қар қалыңдағанда. Былай менің есімде жоқ, үлкен жылқыны үйге әкелді деген. Әлі ақпан айы бар, нағыз борандар, сосын ұзын сары бар, март. 15 сәуірге дейін мал шығатын түрі жоқ.

СНХ: БЕКАЙДАР БЕКЕНОВ, ҚОНЫСБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Биыл күз жауын көп болды, мұз қатты, көктайғақ болды. Одан кейін қалың қар жауды. Мынау жылқының жағдайы өте нашар болып тұр. Өлгені өліп жатыр. Үлкен биелер өзін сақтап қалу үшін, инстинкт самосохранение дейді, құлындарынан құтылады, тастайды өзі тірі қалу үшін. Биыл малдарда төл жоқ. 40-46 градус аяз болды. Біз мемлекеттен көмек сұраймыз, жылқы ұстау үшін көмек керек.

РКС: Көршілес Дөңгілағаш ауылындағы да жағдай осы. Жылқының бағасынан азығы қымбат, сол себепті мал санын азайтуға мәжбүрміз,- дейді ауыл тұрғындары.

СНХ: ЖАНАТ АТЫМТАЕВ, ДӨҢГІЛАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Корм жоқ, мына рулон сабанды 15 мыңнан алдым. Доставкасы 15 мың. Жазда дайындаған бітті, міне. Күйі енді құлайды. Күнде көтереміз, қабырғалары көрініп тұр. Далада загонда бір басымыз құлап жатыр, 5-6 жігіт барып көтердік кеше, бие тұра алмайды.

РКС: Жанат айтқан биені көруге бізде бардық. Ашығып құлаған мал, сол күйі арам қатқан. Көтерем болып, көктемге жетпей құлап жатқан мал көп,- дейді дөңгілағаштықтар.

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз жағдайға монторинг жасап отырмыз, мәселені білеміз. Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Зеренді Бурабай, Аршалы аудандарында мұндай жағдайдың бар екені ескертілді. Зеренді аудандық әкімшілігі аудан тұрғындарына сабан жеткізіп бергендерін айтты. Және ағаш бауырларындағы қарды жұқарту бағытында жұмыстар атқарылады.

РКС: Бұл мәселе Зеренді ауданы бойынша ғана өзекті емес. Облыс аумағындағы көптеген ауылдардағы жағдай осы. Көктемге жете алмай құлап жатқан жылқылардың мәселесін ауыл тұрғындарының өздері шеше алмайтыны анық. Төніп тұрған қауіптің алдын алу үшін Үкімет деңгейінде шаралар қажет,- дейді ауыл тұрғындары.

М.АЙБАБИНА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ