ДИКТОР: Көкшетауда раллиден Қазақстан чемпионаты мен Кубогының II және III кезеңдері өтті. Қопа көлінің үсті соңғы жылдары нағыз сайыс алаңына айналып келеді десек артық айтқандық емес. Биылғы додаға еліміздің 10 өңірінен темір тұлпарды тізгіндеуші қатысты.

ИНТЕРШУМ: жарыс кезеңі

РКС: Өткен сенбі Қопа көлінің аумағы құдды бір шетелдік жарыс алаңына айналғандай болды. Қала тұрғындары мен қонақтары қысқы раллидің қызықты сәттерін тамашалады. Айта кетейік, бұл жарыс осымен 3-ші мәрте Көкше өңірінде өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар мен жарысқа қатысушылар бұл аймақтың жарыстарға өте қолайлы екенін айтты.

СНХ: НҰРПЕЙІС ҚОНЫСБАЕВ, АВТОМОТОСПОРТ ТҮРІНЕН ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Қысқы раллидің алғашқы кезеңі Астана қаласының Қоянды көлінде өткізілген болатын. Енді алдағы 2-ші, 3-ші кезеңде спортшылар өзінің ұпайларын еселей, жеңіске бір қадам жақындайды. Күнтізбелік жоспарымызға сәйкес, келесі 4-ші, 5-ші кезеңдер Павлодар қаласында жоспарланған. 5 кезеңнің қорытындысы бойынша, жеңімпаздарымыз анықталып, ұлттық құрамаға қабылданады.

РКС: Турнирде Ақмола облысының намысын 10 экипаж қорғады. Оның әрқайсысында жүргізуші мен штурман бар. Жарыс алдында автокөлік тізгіндеушілер олар "темір тұлпарларын" тағы бір тексеріп, жөндейді. Ал ол үшін қаржы да көп жұмсалатыны сөзсіз. Бұл ретте демеушілердің қолдауы зор екенін атап өтті. көрсетеді.

СНХ: АНДРЕЙ АМЕЛИН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (АСТАНА ҚАЛАСЫ): Барлығы маңызды. Пилоттың дайындығы, штурманның тәжірибелілігі, әр қадамы маңызды. Ең бастысы көлік жақсы дайындықта болуы шарт. Оны сақадай-сай ететін механиктер. Қолдау да маңызды элементтің бірі. Сайып келгенде осының бәрі жеңіске жетелейді.

РКС: Қазақстан Республикасы Чемпионаты мен Кубогының II кезеңінің қорытындысы бойынша Көкшетаудан Әсет Құдаров пен Владислав Ларюшин толық жетекті автомобильдер арасында бірінші орынды иеленді. Сол жарыста Валерий Наджафов пен Әнуарбек Жәнібек III кезеңде үздік атанды. Артқы доңғалақты жетегі бар автокөліктер арасында көшбасшылар үштігіне көкшетаулық автокөлік жүргізушілері Федор Панов, Шәкәрім Уканов және Виталий Качигаров ілікті. Командалық есепте Кубоктың II кезеңінде "Дед Асет Тим" жеңіске жетті. Ал чемпионатта "Чип и Дейл" бірінші орын алды. Кубоктағы III кезеңнің көшбасшысы "402_03_clan" командасы, ал чемпионатта "Чип и Дейл" командасының өкілдері тағы да үздік деп танылды.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ