ДИКТОР: Қаржы пирамидаларына алданып жүргендердің қатары сейілер емес. Оны ұйымдастырушылар қарайым халыққа аз уақыт ішінде жоғары табыс көзін табуға болатынын айтып, сендіреді. Алайда, белгілі бір сома жиналғаннан кейін алаяқтар ақшаны алып, ізін суытады. Осы орайда, облыстық экономикалық тергеу департаменті теміржол саласының жұмысшыларына қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржы пирамидасының құрбанына айналмау жайлы дәріс өткізді. Қаржы пирамидаларының бизнес-схемаларын бірден анықтау үшін белгілі бір деңгейде қаржылық сауатты болу қажет.

СНХ: АЙБАР МҰҚАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАҚЫЛАУ-ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазір қоғамның жауы деп айтып өтетін, ол қаржылық пирамидалары. Дәрістің басты мақсаты осы қарапайым адамдардың, яғни жұмысшылардың осы түсінікті білу және болашақта қаржы пирамидаларының құрбаны болмау.