ДИКТОР: Көкшетауда электромобильдер мен гибридті автомобильдерді диагностикалау және оларға қызмет көрсету тренинг-орталығы ашылды. Бұл Қазақстан бойынша ашылып отырған алғашқы орталық. Жоғары техникалық колледж студенттері үшін бұл заманауи, экологиялық таза көліктің құрылғысы мен жұмысымен танысуға тамаша мүмкіндік.
ИНТЕРШУМ
РКС: Тренинг-орталықтың ашылуы жоғары техникалық колледж, Ақмола облысы әкімдігі мен Оңтүстік Кореяның "WOOSONG" білім беру қорымен көп жылғы ынтымақтастығының нәтижесі. Көліктерге қызмет көрсету мамандығына оқитын студенттер заманауи авто туралы қажетті білім ала алады. Айта кетейік, қазір Қазақстанда экологиялық машиналарға қызмет көрсету орталықтары тек Астана мен Алматы қалаларында жұмыс істейді.
СНХ: НАРТАЙ ЫБЫРАЕВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі таңда Қазақстанда 9 мыңнан астам эклектромобилдер бар. Соларды диагностика жасау, қызмет көрсету мамандары тапшы. Біз 2017 жылы автокөлікке қызмет көрсету мамандығы бойынша «Автоэлектрик» кәсібінің лицензиясын алдық. Сол лицензия бойынша тығыз жұмыс істедік. Жаңа оқу бағдарламасын жасадық. 2022 жылдан бастап Оңтүстік Корея кәсіпорындарымен тығыз байланыста болып осы тренинг-оталықтың барлық құрал жабжықтарын бірге келісіп, ашылуына себеп болды.
РКС: Оқу орнының оқытушылары «бұл орталық заманауи технологияларды дамытудағы үлкен қадам болады», - дейді.
СНХ: ВАСИЛИЙ ГАПЕЕВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Колледж базасында болашақ бүгінге айналды деп айтуға болады. Электромобильдерді диагностикалау және қызмет көрсету зертханасы ашылды. Көліктің бұл түрі бүгінде үлкен қарқын алуда. Әрине, біздің колледж студенттермен бірге уақыт талабына сай дамып келеді. Сондықтан бұл жобаны аштық. Оқу орнының базасында біздің студенттер үшін осындай бірегей орталық ашылғаны қуантады.
РКС: Студенттер тренинг-орталықта жұмыс істеу перспективаларын жоғары бағалайды. Олар үшін осы электромобильдер мен гибридті көліктермен жұмыс жасап, танысу мүмкіндігі.
СНХ: МИКАЕЛ АЙРАПЕТЯН, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: "Мотор-индуктор" стендін ұсынамын. Яғни, ондағы құрылымды, оның қалай жұмыс істейтінін структурасын көрсетеді. Оның көмегімен түрлі ақауларды тауып, зертханалық жұмыстарды жүргізуге болады.
РКС: Сондай-ақ, колледж базасында "Техникалық кәсіптік оқытудағы икемді білім беру траекториялары" тақырыбында республикалық форум өтуде. Орталықтың ашылуына оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, сондай-ақ облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының басшылары да қатысты. Шара білім беру қызметін ұйымдастыруда, тәжірибе алмасу және жаңа стратегиялық тәсілдер үшін үздік тәжірибелерді таратуға ықпал етпек.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ