ДИКТОР: Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісовтің 90 жылдығына орай "Қазақ әдебиетінің ақсұңқары - Сәкен сері!" атты айлықтың ашылу рәсімі өтті. Оған өңірдің зиялы қауым өкілдері мен жазушының туған туысқандары, шәкірттері жиналды.
РКС: Асқан таланты үшін қазақ зиялылары арасында Сәкен сері атанған Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, драматург - Сәкен Жүнісов көзі тірі болса биыл 90 жасқа толар еді. Осы мерейтойға орай өңірде біршама іс-шаралар жоспарланған. Мерейтойға орайластырылған айлықтың ашылу рәсімі Көкшетаудағы Сәкен Жүнісов атындағы нөмірі 18 мектеп-лицейде өтті. Келген қонақтар Сәкен Жүнісов мұражайында болып, ондағы жәдігерлермен танысты. Мектеп мұғалімдері білім ошағында Сәкен Жүнісовті тану, шығармашылығын оқушыларға насихаттау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
СНХ: НҰРТАС АХАТ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКА КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ең негізгі мәселе халық жазушысының мерейтойын Көкше жерінде өте жақсы деңгейде атап өту. Жаңа Қазақстанға байланысты С.Жүнісовтың шығармаларын насихаттау. барлық білім мекемелерінде мұндай іс-шаралар жоспарланған. Ж.Мусин атындағы Көкшетау педагогика колледжінде декада өткізіледі. 14 ақпанда аяқтаймыз. Сәкеннің шығармалығығын сан қырлылығын, тұлғалық бітімін насихаттау бізде өте жақсы жолға қойылған.
РКС: Айлықтың ашылу рәсімінде оқушылар "Аманай мен Заманай", "Ақан сері" шығармаларынан үзінділер қойды. Іс-шараға келген меймандар жазушы жайлы әсем естеліктерімен бөлісті.
СНХ: РОЗА ЖҮНІСОВА, С.ЖҮНІСОВТЫҢ ҚАРЫНДАСЫ: Бүгін Сәкеннің 90-ға келген мерейтойы. Әрине өзі тірі болса дүрілдетіп, өзінің елінде жерінде топырағында жүрер еді. Ол да бәрін күлдіріп, өлең айтып, дауысы деген керемет еді. Сәкен өмірден кеткенімен Сәкенді ұмытпайтын халқы бар. Әрине ол Көкше халқы, әр жерде тойы болып жатыр. Сәкенді құрметтеу елін құрметтеу, халқын құрметтеу.
РКС: Сәкен Жүнісовтың 90 жылдығына арналған іс-шаралар облыс аумағында көптеп ұйымдастырылмақ.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ