ДИКТОР: Жыл соңына қарай Аршалы ауданының Анар ауылдық округінде жаңа сүт және ет фермасы іске қосылады. Осы күндері құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. «Темір агро» серіктестігі қолға алған жоба аудан аумағында сүт және ет өндіру бағытында көшбасшының бірі болмақ. Серіктестік құрылысына 2 миллиард 14 миллион теңге қаражат жұмсалмақ. Оның 1,2 миллиардын ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі берсе, қалған 814 миллионы жеке кәсіпкердің өз қаражаты. Осы күндері құрылыс қызу жүріп, қажетті қондырғылар орнатылып жатыр. Ферма ел игілігіне тапсырылғаннан кейін ол жерде 15 жаңа жұмыс орны ашылады. Ферма жылына 6 тонна сүт, 108 тонна ет өндіруге қауқарлы болмақ. Оған қажетті 600 бас асыл тұқымды симментал сиырлары Австриядан жеткізіледі деген жоспар бар.