ДИКТОР: Ақмола облысында ұлттық құндылығымызды дәріптеуге бағытталған іс шараға атсалысып жатқан ұжымдар қатары артуда. "Ұлттық сезім" челенджіне мемлекеттік қызметкерлер де белсене қатысып жатыр. Облыстық Әділет департаменті мен "Аманат" партиясы Ақмола облыстық филиалының ұжымдары өзге де қазақстандықтарды ұлттық бастаманы қолдауға шақырады.
РКС: Облыс аумағында "Ұлттық сезім" челенджіне белсене атсалып жатқан ұжымдардың бірі облыстық Әділет департаменті. Барлық қызметкерлер жұмысқа ұлттық белгісі бар заманауи киім-кешек киіп, әйелдер қауымы қазақы әшекей-бұйымдар тағып келген. Мақсат ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұлттық киімдердің сән-салтанатын көрсету, насихаттау.
СНХ: БАУКЕН ӘЛМЕШ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгін Әділет департаментінің қызметкерлері барлығымыз ұлттық киімде келіп, өзіміздің қызметкерлеріміздің бүгінгі жиналыста патриоттық сезімін білдіріп, өзінің киімінің жарасымды екенін жеткізуде. Көңіл-күйлері өте керемет. Ұсыныстар да түсіп жатыр әйел азаматтарынан, қызметкерлерімізден осындай қамзолдарды күнде киіп жүруге болады ма деген. Әрине оған ешқандай қарсылық жоқ, қолдап жатырмыз.
РКС: Ал "Аманат" партиясы Ақмола облыстық филиалының қызметкерлері ұлттық киімді жұмысқа күн сайын киіп келеді. Осындай әсем, қазақы, ерекше стильде киінген кезде өзімді елімнің патриоты сезінемін. Ұлттық мәдениетімізді дамыту үшін осындай бастамаларды қолдау қажет,- дейді аманаттықтар.
СНХ: ДАРХАН ҚАНАФИН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 1 желтоқсанда елімізде "Ұлттық сезім" атты челендж басталды. Біз "Аманат" партиясының облыстық филиал қызметкерлері өз үлесімізді қосып, жұмысқа ұлттық киіммен келудеміз. Ең әдемі киім-ұлтыңның киімі деген. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі, үлгісі еш халықтан кем болған емес. скл. Бұл челендж өте маңызды деп ойлаймын. Ұлттық мәдениетіміз даму үшін қолдау қажет. Барша қазақстандықтарды осы челенджді қолдауға шақырамын.
РКС: Ұлттық бірлікті, қазақы бренді нығайтуға бағыттылаған іс шара наурыз мерекесіне дейін жалғасын таппақ.
М.АЙБАБИНА, ӘЛІШЕВ ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ