ДИКТОР: Мемлекет Басшысы "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында елдің сыртқы саясатына қатысты мәселелерді қозғады. «Қазақстан тиімді әрі салиқалы сыртқы саясат жүргізу арқылы өзінің ұлттық мүддесін қорғап, стратегиялық міндеттерін орындап келеді. Біздің өзгермейтін мақсат-мұратымыз бар. Бұл – еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтас¬тығын сақтау, Қазақстан азамат¬тарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, экономикамыздың орнықты дамуына барынша қолайлы жағдай жасау.", - деді Президент.
РКС: Мемлекет басшысы қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан үшін барлық шетелдік әріптестермен, әсіресе көршілермен өзара тиімді және прагматикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды деп санайды. Өз сұхбатында ол «Ресей Қазақстанның негізгі серіктесі әрі одақтасы екені бар¬шаға аян. Өткен отыз жылда мем¬лекет¬аралық байланыстардың іргесі беки түсті. Екі ел арасында 300-ден астам шарт пен келісім жасал¬ған. Бар-лық саладағы екіжақты ынтымақ¬тас¬¬тық тетіктері жұмыс істеп тұр. Жоға¬ры деңгейдегі саяси диалог қарқын¬ды дамып келеді», деп атап өтті.
СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Ресей еліміздің негізгі стратегиялық серіктесі. Бізді Ресеймен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да көптеген салалар байланыстырады. Атап айтқанда, былтыр Ресей Федерациясымен жасалған тауар айналымы 21 млрд. доллардан асты. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Яғни, бұл жылдан жылға сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар тек артып келе жатқанын көрсетеді. Сондықтан Ресей Федерациясының біздің сыртқы саясатымыздағы басымдығы өзгеріссіз қалуда.
РКС: Сондай-ақ, Қазақстан-Қытай қатынастарын үлгілі деп айтуға болады. Былтырғы 10 айдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 24,3 млрд.долларға жетіп, жаңа рекорд орнатты. Сонымен қатар, қытай дәстүрлі түрде Қазақстан экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі болып табылады. Қазірдің өзінде елде 24 млрд.доллар Қытай инвестициясы жинақталған.
СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Қытай да біздің маңызды стратегиялық серіктесіміз. Бізді Қытаймен сауда-экономикалық бағыт байланыстырады. Әсіресе энергетика саласында. Қытайдан газ жеткізудің бестен бір бөлігін ҚР үлесі алады. Сондай-ақ, көліктік-логистикалық, "Бір белдеу, бір жол" жобасының да маңызы зор. Ол Қытайға еліміз арқылы Еуропа елдерімен сауда жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қытаймен қарым-қатынастағы жаңашылдық визасыз режимді енгізу болып табылады. Бұл біздің азаматтарға Қытайға кіріп, жұмыс істеуге, ынтымақтасуға үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын.
РКС: Айта кетейік, келер жылдары Өскемен, Семей және Көкшетауда үш жылу электр орталығын салу жоспрланған. Былтыр ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға Қазақстан мен Ресейді энергетика министрлері қол қойған. Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің ұлттық мүддесін ескере отырып, сындарлы және салиқалы сыртқы саясат жалғасатынын айтты. Сондай-ақ, биыл елімізде бірқатар саммиттер мен форумдар өтпек.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ