ДИКТОР: Жақынымыз аяқ асты ауырып қалған уақытта бірден 103 нөміріне хабарласамыз. Дәл осы сәтте науқастың тағдыры фельдшердің жауапкершілігі мен біліміне тәуелді. Қайнаған тіршіліктің ортасында жүріп, диагнозды дұрыс қоя білетін орта буын медицина қызметкерлерінің еңбегі кей кезде бағаланбай жатады. Бүгінгі кейіпкеріміз Зарина Қапарова облыстық жедел жәрдем станциясында 20 жылға жуық еңбек етуде. Негізгі мақсаты науқастарға қол ұшын созып, уақытылы көмек көрсету.

ИНТЕРШУМ: жедел жәрдем станциясы шақыртуды қабылдаудан фрагмент

РКС: Зарина Қапарова 2002 жылы Көкшетау медициналық колледжін тәмамдап, өзі туған Уәлихан ауданына барып, алғашқы еңбек жолын бастайды. Жеткілікті тәжірибе жинаған соң, облыстық жедел жәрдем станциясында еңбегін жалғастыруды ұйғарады. Көкшетаулықтарға шұғыл көмек көрсетіп, талай науқастың өмірін ажалдан арашалап жүр.

СНХ: ЗАРИНА ҚАПАРОВА, АҒА ФЕЛЬДШЕР: Әке-шешем мұғалім болса да, мен медицинаны таңдадым. Ойындар ойнап шприцтармен, бинттармен солай таңдадым медицинаны. Жедел жәрдемде қиын шақыртулар көп. Мысалы, үй жағдайында босану, кішкентай балалар бөгде зат жұтып қойғандар. Уақытында медициналық шұғыл көмекті көрсетіп ауруханаға жеткізілді.

РКС: Мереке мен демалыс күндері жұмыс істейтін Зарина Қапарова науқастардың алғысына ие болған сәттен-ақ шаршағанын ұмытып кетеді,-дейді әріптестері.

СНХ: ГҮЛНӘР БЕЛИЦКАЯ, ФЕЛЬДШЕР: Ол өте сабырлы, сауатты. Әрқашан айналасындағы адамдарға күлкі сыйлап, оларды оңай көндіре алады. Біз оның жұмысына өте ризамыз!

РКС: Жыл басынан аға фельдшер атанған Зарина Қапарова жұмыстың ауырлығына қарамастан еш өкінбейді. Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті, шыдамдылықты, ең бастысы батылдық пен табандылықты қажет етеді.

СНХ: ЗАРИНА ҚАПАРОВА, АҒА ФЕЛЬДШЕР: Жедел жәрдем станциясында жұмыс істеу өте қиын. Жұмсақ болсан мындау жұмысты істей алмайсын. Адамдар жедел жәрдемсіз өмір сүре алмайды. Мы стараемся оказать помощь экстренную. Довести до больницы. Бірер минут бұрын екінші категория бойынша шақырту түсірілді.

ИНТЕРШУМ: науқасты қараудан фрагмент

РКС: Ет пен сүйектен жаралған соң ауырмайтын жан жоқ. Осындай кезде емхана жақын болса, бағының жанғаны. Ал алыстау болса, жедел жәрдемнің көмегі қашан да қажет. Уақытпен санаспай, науқастың өмірін ойлайтын фельдшерлердің еңбегі шынымен де өлшеусіз.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ