ДИКТОР: Өткен жылдың соңында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға барғаны үшін ақы алуға қатысты салық кодексінің бабына түзетулер қабылданды. Бұл жаңашылдық үлкен резонанс туғызды. Түзетулер әсіресе осы аумақта жұмыс істейтін кәсіпкерлердің бизнесіне теріс әсер етті. Емдеу мен демалыс мекемелерінің қызметкерлері төлем жасауға мәжбүр.

РКС: Салық кодексінің 590-бабына енгізілген түзетулер республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесін белгіледі. Енді төлемдер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткішті пайдалана отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болған әрбір күн үшін есептеледі. Айта кетейік, биыл айлық есептік көрсеткіш 3692 теңгені құрайды. Яғни, аумаққа кіру жаяу жүргіншілер үшін 0,1 айлық есептік көрсеткіш, мотоциклдерге, мопедтерге және квадроциклдерге 0,2 айлық есептік көрсеткіш төлеу міндетті. Жеңіл көліктерден 0,3 айлық есептік көрсеткіш, ал шағын автобустар мен жүк көліктері 3692 теңге ақы төлеу керек. Орташа габаритті автобустар үшін төлем 7384 теңгені құрайды. Ал 32 орыннан асатын қоғамдық көлікке - 11886 теңге.

ИНФОГРАФИКАҒА ТЕКСТ:

*АЕК – айлық есептік көрсеткіш, 2024 жылы 3692 теңге.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары:

• 0,1 АЕК – жаяу жүргіншілер;

• 0,2 АЕК – мотоциклдер, мопедтер, квадроциклдер;

• 0,3 АЕК – жеңіл автомобильдер;

• 1,0 АЕК – 16 орындық шағын автобустар мен жүк көліктері;

• 2,0 АЕК – 32 орынға дейінгі автобустар;

• 3,0 АЕК – 32 орыннан жоғары автобустар.

РКС: Төлемдер ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекараларында орналасқан турбизнес өкілдеріне енгізіледі. Облыста бұл "Бурабай", "Көкшетау" және "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи парктері. Заңға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіру үшін ақы туристік, рекреациялық, ғылыми-ағартушылық мақсаттарда алынуы тиіс. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының пікірінше, осы аумақта жұмыс істейтін қызметкерлерден төлем алынбауы тиіс. Мұның бәрі туризм саласында қолайсыз жағдайлар туғызады. 50-ден астам бизнес субъектілері салық кодексінің баптарына өзгерістер енгізу туралы ұсынысқа қол қойды.

СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Облыс әкімінің бастамасымен жыл басында кеңес өткізілді. Оның барысында Үкімет деңгейінде 590-бапқа түзетулер енгізу туралы ұжымдық ұсыныс жеткізілді. Мұнда бизнесте жұмыс істейтін қызметкерлері мен 18 жасқа дейінгі балалардан төлем алмау ұсынылған. Бұл мәселе қазір пысықталуда. Жақын арада шешіледі деп ойлаймын.

РКС: Жер учаскелерінің меншік иелері өз жұмыскерлері үшін төлемді тоқтата тұру туралы уағдаласуда. Бірақ, бұл уақытша шешім. Санаторийлер, қонақ үйлер мен басқа да нысандар заң бойынша кәсіпкерлерге тиесілі. Алайда, олар мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтың аумағында орналасқан, сондықтан ерекше қорғалатын аймақты басып өтуге мәжбүр. Кәсіпкерлердің айтуынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін төлем бизнесмендердің заңды құқықтарын бұзады. Сондықтан жер иелерінен ақы алуды алып тастау ұсынылды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ КАИРКЕНОВ, АРДАК ТЛЕУГАБУЛОВ, КОКШЕ АКПАРАТ