ДИКТОР: «Тәтті дауыс» атты ІІ қалалық вокал өнері байқауына мектеп оқушылары қатысты. Балалардың бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттырып қана қоймай, өскелең ұрпаққа рухани байлықты дәріптеуді мақсат еткен байқау бұл. Сонымен бірге ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіру.

ИНТЕРШУМ: ән байқауынан үзінді

РКС: Байқауда эстрадалық вокал және еркін тақырыптағы ән таңдау номинациясы бойынша балғын өнерпаздар бақтарын сынады. Өнер байқауына 51 бала қатысқан.

СНХ: МҰХАММЕД ҚОҢҚАЕВ, БОЛАШАҚ САРАЙЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұған дейін Болашақ сарайының ішінде үйірмешілік конкурс болып басталған. Енді осы жылы байқау қалалық деңгейге дейін көтеріліп, биыл екінші рет өткізіп отырмыз. Байқаудың бір ерекшелігі қалалық мектептер мен орталықтар ғана емес, аудандардан да қатысушылар келіп отыр. Степногор қаласынан, Зеренді ауданынан, Астрахан ауданынан қатысуға өтінім берілген балалар бар.

РКС: Вокал – хор техникасының негізі. Әншінің дұрыс тыныс алу дағдысы болуы шарт. Дыбыс сапасы осыған байланысты. Әнді айтқанда келесі нотаны жеңіл айту керек. Яғни, темп жылдамдаған сайын дыбыс жеңіл болуы шарт. Қазылар алқасының пікірі осындай.

СНХ: ТӨЛЕГЕН АМАНОВ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Бүгінгі байқауда барлықтарын сәттілік тілеймін. Бастысы балалар байқаудың сынынан сүрінбей өтіп, өнерлерін көрсетсін. Біз оларды қолдаймыз. Қобалжымай, бойындағы бар қасиетті көрсетсе. Тыңдаушыға және паш етеді деп ойлаймын. Ең бастысы бұл баланың дауысы, харизмасы, актерский қабілеті, сахнадағы тұрысына байланысты бағалаймыз.

РКС: Айзере Бахытжан №17 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы. Байқаудың ең жас қатысушысы. Бұлдіршіннің арманы әнші болу.

СНХ: АЙЗЕРЕ БАХЫТЖАН, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Бүгін мен «Тәтті дауыс» байқауына қатысып жатырмын. «Әке-Ана» әнін орындаймын. Бұл әнді ата-анама шырқайтын боламын.

ИНТЕРШУМ: Айзеренің орындауынан үзінді

РКС: Байқаудың қорытындысы бойынша Айлара Жетібай мен Екпін Сәбетхан гран-при иегері атанды. Санжар Жанат 1-ші орынды иеленсе екінші жүлде Кәусар Мұратбекке бұйырды. Әдемі Арыстан ән байқауының қола жүлдегері атанды.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ