ДИКТОР: Еліміздегі ең ірі зауыттың бірі "Көкше-цемент" бүгінде толық жобалық қуатында жұмыс істей алмай отыр. Кәсіпорын бір жыл ішінде 2 миллион тоннадай цемент өндіруді жоспаралған еді. Бірақ, соның 200 мыңнан астамын ғана шығарған.
РКС: Заозерное ауылының маңында орналасқан кәсіпорын 2017-ші жылдың қыркүйегінде жұмысын бастады. Жеке автокөлік цехы мен теміржол бөлімшесі бар. Негізінен цемент өндірумен айналысады. Зауыттың жекеменшік әктас және балшық карьері бар.
СНХ: ПАВЕЛ ЛЮБЧЕНКО, ТАУ-КЕН ІСІНІҢ ШЕБЕРІ: Кен орнында әктастың 150, аргилиттың 15 миллион тонна қоры бар. Өндіру жұмыстарының алдында бұрғылап-жару әдісімен жұмсартылады.
РКС: Өндірістің соңғы жоғары көрсеткіші 2021-ші жылы тіркелген. Сол тұста кәсіпорын 700 мың тоннадан астам цемент шығарған. Содан бері өнім өндіру көлемі төмендеп келеді. Қазір кәсіпорында 500-ден астам адам еңбек етеді. Олар жатын орынмен және тамақпен қамтамасыз етіледі. Зауыт толығымен автоматтандырылған. Бірақ, жұмыс барысын бақылау үшін қызмет көрсететін персоналдың қатысуы міндетті. Ол жұмыстарға тартылатын мамандардың жетіспеушілігі қатты сезіледі деп отыр зауыт басшылығы.
СНХ: БОЛАТ ОСПАНОВ, "КОКШЕ-ЦЕМЕНТ ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Төмендеп бара жатқаны бізде пандемия кезінде жұмысшылар жетіспеді, бүгінгі күнде 200 адамдық вакансия бар, Шопырлан жетіспейді, Эскалатршиктар, бульдозеристер, операторларлар, электромеханиктер, мантерлар жетіспейді.Екінші жағдай 2017 жылы завод салынды, бүгінге дейін мінекей ремонт жасалынбаған.
РКС: Бұдан бөлек, техника ескірген, қаржы жетіспеушілігі де сезіледі. Кәсіпорын клинкер өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Егер зауыт толық қуатында жұмыс істесе, онда облыстан бөлек, еліміздің өзге өңірлерін де сапалы цементпен қамтамасыз етуге мүмкіндік болар еді,-дейді кәсіпорын басшылығы.
СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ