ДИКТОР: Қаңтардың 20-сы мен 22 сі аралығында шаңғыдан облыс чемпионаты өтті. Оған облыстың әр өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысты.
РКС: Облыстық чемпионатқа ересектер мен қоса балалар да қатысты. Қысқы спорт түріне Көкшетау, Щучинск, Ақкөл қалаларынан, сондай-ақ, Сандықтау, Зеренді, Бұланды, Ерейментау аудандары мен Шантөбе кентінен де өкілдер келді. Жарыс 3 кезеңде өтті.
СНХ: ОЛЕГ КОЛОМЕЕЦ, ЧЕМПИОНАТТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Жарыс ерікті және классикалық түрде өтті. Одан соң командалық додада бақ сынасамыз. Бір командадан 2 және 4 адам шығады. Ең кішілері 2012-2013 жылғы балалар.
РКС: Мұндай жарыстар өңірде шаңғы спортын дамытып, кейде дарынды балаларды анықтайды. Балғын спортшылар үлкен мақсаттар қойып, өздеріне деген сенімділіктерін арттырады. 11 жастағы Людмила Михалетьева болашақта әлем чемпионатына қатысқысы келеді.
СНХ: ЛЮДМИЛА МИХАЛЕТЬЕВА, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ: Бұл менің ересектер тобындағы алғашқы разрядым. Осыған дейін 20-дан астам медаль еншіледім. Басқа да көптеген гмарапатым бар. Бастапқыда спорттың осы түрін таңдауыма әкем себепкер болды деп айтар едім. Осылайша, соңғы 2 жыл көлемінде шаңғы спортымен айналысып келемін.
РКС: Жалпыкомандалық есепте Көкшетау қаласының спортшылары облыс чемпиондары атанды. Екінші орынды Щучинск командасы жеңіп алды. Сандықтау ауданының өкілдері үздік үштік қатарына енді.
СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АКПАРАТ