ДИКТОР: Сахна өнері, оның ішінде би өнері бұрыннан ерекше қошеметке ие. Бұл өнер талғам мен сезімнің, жинақылық пен нәзіктіліктің көрінісін айшықтайды. Көкшетаудағы «Аманат» би мектебінің ашылғанына көп бола қойған жоқ. Үшінші жыл дербес ұжым ретінде болашақ бишілерді тәрбиелеп келеді. Десе де жаңа ұжым үшін өткен жыл табыс болды. Бірнеше үлкен шығармашылық додада бақ сынап, елге жүлделі оралды.
РКС: Музыкалық ырғаққа сай дене қимылы мен қозғалыстары арқылы мың бұралған сан түрлі образдарды бейнелеуге болады. Гүлмира Мерғалиқызы өнер саналатын би көрерменге адамның ішкі жан дүниесі мен мінез-құлқын да дәлме-дәл жеткізуді мақсат етеді. «Тіпті тіл жеткізе алмайтын дүниелерді бимен жеткізуге болады», - дейді «Аманат» би мектебінің негізін қалаушы.
СНХ: ГҮЛМИРА ОРДАБАЕВА, «АМАНАТ» БИ МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Аманат» би мектебі мен үшін ол көп жылдар бойы еңбектің және оқудың нәтижесі. Қазіргі таңда біз «Аманат» би мектебінің ресми, салтанатты түрде барлық балаларға есігімізді ашып жатырмыз. Мектепте 120-дан астам оқушыларымыз бар. Басты міндетіміз балаларды әдемілікке, би өнеріне баулу. Би әлеміне шолу жасау.
РКС: «Аманат» би мектебінің оқушылары бүгінде өздері де шәкірт тәрбиелеу жолында еңбек етіп жатыр. 5 би оқытушысы бар өнер ордасы кішкентай бүлдіршендерді ғана емес, жасөспірімдерді де тәжік, татар, қырғыз, өзбек, грек, итальян билеріне үйретуді бастаған.
СНХ: АЙДАНА РЫСПАЕВА, «АМАНАТ» БИ МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Мен Аманат би мектебімінің оқытушысымын. Мұғалім болып қызмет атқарғаныма 5-ші жыл болды. Сонымен қатар, Гәкку би ансамблінің 8 жыл қатарынан тұрақты әртісімін. Гүлмира Мерғалиқызы, менің ұстазым. Одан үлгі аламын. Біз ұстазымыздың білім беру әдісі арқылы қыздарға би үйретеміз. Ол қазақ биі, классикалық би, әлемдік ұлттар биі, заманауи, эстрадалық билері және т.б.
РКС: 3 жыл аралығында бишілер өнер байқауларында жүлделі орындарды иеленіп келеді. Мәселен, былтыр Астана қаласында өткен өнер байқауында би номинациясы бойынша грант при жеңіп алды. Ал, Болгарияның Балчик қаласында өткен халықаралық «Жұлдызыңды жақ!» фестивалінде көрермен көзайымы номинациясын еншілеп қайтты.
МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ