ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Жиында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Күн тәртібінде - реформаларды іске асыру, мемлекет басшысының бағдарламалық тапсырмаларын орындау, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен қоғамдық институттарды дамыту бойынша сұрақтар қаралды.
РКС: Елдің тұрақты дамуы, саяси жүйені кезең-кезеңмен жетілдіру және әлеуметтік-экономикалық салаларды жақсарту жолында қоғамдық ұйымдар белсенді болу қажет. Өңір басшысының айтуынша, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері белгіленген мақсаттарға жету үшін бірлесіп жұмыс істеуі тиіс.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сондай бірлескен жұмыс өзінің оң жетістіктерін, жақсы бастамалар береді деп ойлаймын. Сондықтан биыл бізде үлкен міндет тұр. Мемлекет басшысы ел алдында 2024-2028 жылдарға ұлттық экономиканы екі есе ұлғайту жөнінде үлкен міндеттер қойды. Бұл дегеніміз, егер бізде 3,5 трлн болса, оны екі есе ұлғайтып, 7 триллионға жеткізуіміз керек.
РКС: Кездесуде халықты толғандыратын бірқатар мәселелер көтерілді. Отырысқа қатысушылар инфрақұрылымды кеңейтуге және ауылдық жерлерде жастарды жұмысқа орналастыруды қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, қоқысты қайта өңдеуде және өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық мониторингінде жаңа технологияны қолдану айтылды. Іс-шара барысында кеңес төрағасы Ермек Нұғыманов өткен жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, 2024 жылға жоспарларымен бөлісті.
СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ: Экономика саласында өңірдің даму бағдарламасының орындалуы.
РКС: Сонымен қатар, отырыста халықтың әлеуметтік осал топтары мен денсаулық сақтау саласына арналған тұрғын үй мәселесін шешуге ерекше назар аударылды. Жалпы, бүгінгі таңда өңірде 21 қоғамдық кеңес жұмыс істеуде. Оның 1-уі облыстық болса, қалғаны қалалық пен аудандық кеңестер. Оған 240-тан астам адам мүшелік етеді.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ