ДИКТОР: Аршалы ауданы Жалтыркөл ауылында 300 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды. Ол білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен салынған. Облыс әкімі Марат Ахметжанов білім ордасының оқу процесіне дайындығын тексерді.

РКС: Білім беру мекемесі заманауи стандарттарға сай салынған. Мектепте 21 оқу кабинеті бар. Оның ішінде 7 арнайы пәндер үшін, 2 компьютерлік, бастауыш сыныптарға арналған 4 кабинет. Мұнда 3-ші тоқсаннан бастап 250 оқушы білім алады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Қаланың және ауыл мектептерінің білім беретін сапасын айырмашылығын азайту. Болашағымыз балаларда білесіздер. Президентіміз бұған өте мұқият қарайды. Жер қойнауындағы байлығымыз да бар. Басты құндылығымыз-адами байлық. Ең тәрбиелі, білімді, саналы ұрпақ өсетін болса, Қазақстан болашағы жарқын болады. Әр қалада мұндай мектеп бола бермейді.

РКС: Сонымен қатар, өңір басшысы соңғы жылдары облыста үш ауысымды білім беруді жою бойынша жұмыстар жүргізілгенін еске салды. Айта кеткен жөн, мектептің сыйымдылығы оқушыларға тек бір ауысымда оқуға мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындары үшін жаңа білім беру мекемесінің ашылуы айтулы оқиға болды.

СНХ: ӨМІРЗАҚ ҚОНАРБАЕВ, ЖАЛТЫРКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мұндай мектеп ашылып жатқанына қуаныштымыз. Жаңа мектеп. Барлық тұрғындар болып қуанып жатырмыз. Ортақ арманымыз еді. Осында 6 немерем оқитын болады. Ортақ құндылығымыз бен армандарымызды көтеріп жатқандарыңа мың алғыс..

РКС: Оқу орны "Жайлы мектеп" жобасы деңгейінде салынған. Құрылыс жұмыстарының құны 1 млрд 583 млн теңгеге жуықтайды. Акт залы, үлкен спорт зал, кітапхана, лингафон кабинеті бар. Ғимарат ең соңғы заманауи жабдықтармен және сапалы жиһаздармен жарақтанған.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ҚАИРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ